Атырау, 6 желтоқсан 14:58
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Атыраудың базарындағы барлық ет үш күн тоңазытқышта сақталады»

4 516 рет қаралды


Ауылшаруашылық министрлігінде кеңейтілген кеңес өтті, онда ұрғашы малды шетелге шығаруға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады брифингте Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ (суретте). Бұған мал басын сақтап қалуды көздеген малшылардың өтініші себеп болды.

«АЖ» сұрақтары

- Бұл шешімге статистика бойынша Қазақстанда қой мен ешкінің 2018 жылмен салыстырғанда 2%-ға азайғаны себеп болуы мүмкін бе?

- Біздің облыста мал басы азайған жоқ. 2018 жылы 574 мың бас қой мен ешкі болса, ал 2019 жылы 588 мың бас есептелді, яғни, керісінше 2,5%-ға өскен.

- Атырауда сатылатын еттен ауру жұқтыру мүмкін бе?

- Барлық базар мен мал сою цехтарында мал дәрігерлері бар. Адамға еттен ауру жұқтыру фактілері болған жоқ.

- Малды сойғаннан кейін еті 2-3 күн тұрса, сапасы жақсы болатыны рас па?

- Сойылғаннан кейін ет сауда орындарына жеткізіледі. Сол  жерде ветеринарлық куәландырудан өтіп, тоңазытқышта 3 күн сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін ветеринарлық қызмет етті қайта тексереді. Егер мамандар оның өзгергенін, иісін немесе механикалық зақымдануын көзбен байқаса, онда акт жасып, оны сатуға рұқсат бермейді.

- Сонда базардағы барлық ет міндетті түрде тоңазытқышта 3 күн тұрады ма?

- Иә, солай.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

2 ақпан 2020, 08:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.