Атырау, 6 мамыр 07:03
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Тергеу электрондық форматқа көшпек

2 688 просмотра


«Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру аясында қылмыстық тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді электрондық форматқа көшіруге кірісті. 2019 жылы Атырау облысында полиция электрондық форматта 1,5 мыңнан аса қылмыстық құқық бұзушылықты (жалпы санның 24,4%) тергеді.  

- Е-қылмыстық іс, Бірыңғай әкімшілік өндіріс тізілімі, Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі, Е-өтініш және  талдау орталығы сияқты Бас прокуратура жобаларын жүзеге асыру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шараларының бірі болып табылады. Бұл қылмыстық және әкімшілік сот өндірісінің электрондық форматқа кезең-кезеңмен көшуін, мемлекеттік органдарды тексеруді тіркеуді және азаматтардың өтініштерін қарауды автоматтандыруды  білдіреді, - дейді Атырау облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының аға прокуроры Елеусіз ЕСЕНОВ.

2019 жылдың басынан бастап облыстағы полиция органдары әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеудің электрондық форматына толығымен көшті. Оның сызбасы қарапайым ғана – құқық бұзушы туралы мәліметті арнайы планшетке енгізеді. Бүгінде 1 мыңнан аса полиция қызметкерлері планшет және принтермен жарақтандырылған, солардың көмегімен 87 мың электрондық хаттама толтырылды.

- Бизнесті автоматты тексеру жобасы бойынша да оң нәтиже байқалуда, - дейді Есенов.  -  2019 жылы 6,5 мыңнан аса тексеру электрондық форматта тіркелді.  Барлық процесс автоматтандырылды  және бірде-бір мемлекеттік орган бұл жүйеден тысқары тексеру жүргізе алмайды.  

Фархат ӘБІЛОВ

31 қаңтар 2020, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.