Атырау, 1 маусым 17:27
 дождьВ Атырау +20
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Полиция суға кеткендердің кім екенін анықтады

4 699 рет қаралды

 

Атырау полициясы Жайықта табылған екі мәйіттің кім екенін анықтады. Еске салсақ, 4 ақпанда Баймұханов-Мечников көпірінің астында Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өзеннен ер адам мен әйелдің денесін шығарған еді.

- 1990 жылы туған ер адам мен 1993 жылы туған әйел. Екеуі де Атырау тұрғындары. Мәйіттерді тексеру кезінде зорлықпен өлтіру іздері табылған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,- деді Полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА.

- Бұған дейін өзен жағасында «ВАЗ-21115» көлігі, сондай-ақ бос сыра бөтелкелері табылды деп хабарланған еді?

- Менде басқа ақпарат жоқ.

 Фархат ӘБІЛОВ

 

7 ақпан 2020, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.