Атырау, 4 наурыз 04:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

​«Назарбаев, кет!» ұранының авторы қамауға алынды

452 рет қаралды

«Назарбаев, кет!» ұранының авторы, саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбай ұсталғаны туралы журналист Лұқпан Ахмедияров мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна».

Ахмедияровтың айтуынша, ол Қырғызстанда қонақта жүрген кезінде ұсталып, сот шешімінсіз Қазақстанға депортацияланған. Қазақстан полициясы Ермек Нарымбайға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оған сот үкімі бойынша әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салынғанына қарамастан, бұл талапты орындамаған деген айып тағылып отыр. 

«Қазір ол Астанадағы полиция департаментінде отыр», – деп хабарлады журналист әлеуметтік желідегі өз парақшасында. 

4 ақпан, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.