29 жастағы қала тұрғыны Аслан Иманғалиев Атырау облысының арнайы ХҚКО-нда өзінің шетелдік номерлі автокөлігін тіркеді.
-Көлікті Армениядан бір жыл бұрын әкелдім. Қазір көлікті елімізде заңды түрде пайдалану үшін тіркеуден өткізуді жөн санадым. Құжаттарды тез рәсімдеп берді, - дейді көлік иесі.
Көлік 2010 жылы шығарылғандықтан, ол 500 АЕК мөлшерінде (1 325 000 теңге) алғашқы тіркеу төлемін, сонымен қатар номер мен техникалық төлқұжатына мемлекеттік баж төледі.
ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді тіркеуге автокөлік иелеріне ыңғайлы болу үшін қызмет көрсету орталығы демалыс күндері де жұмыс жасайды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінде.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА