Атырау, 23 қараша 09:58
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мемлекеттік қызмет ісінде жаңа басшы

4 778 просмотра


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде жаңа басшы тағайындалды. Бұл орынға осыған дейін Қостанай облысы бойынша департаментінде осындай лауазым атқарған 40 жасар Салауат МҰҚСИМОВ отырды.

Атырау облысының тумасы Мұқсимов Қазақ мемлекеттік заң академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бейіні бойынша PhD докторы дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де оқытушы болды. 2005 жылы ҚР Парламенті Сенатының аппаратында жұмыс істеді, одан кейін СҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.

Атырауда тағайындалған лауазымы бойынша Мұқсимов автоматты түрде Атырау облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы болады.

Одан бұрынғы басшы Расул МЕДЕТОВ Президенттік Жастар кадрлық құрамына қосылғаннан кейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің директоры болып тағайындалған еді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 ақпан 2020, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.