Атырау, 26 сәуір 05:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14

Атырау облысында электр энергиясы қымбаттады

3 534 рет қаралды


Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 1 ақпанда күшіне енген «Атырау Энергосату» ЖШС электр энергиясының тариф мөлшерін жариялады (бағалар ҚҚС есебінсіз көрсетілген).

Тұрғындар үшін: тариф киловатт-сағатына 4,35 теңгеден 4,55 теңгеге дейін (4%-ға) өсті.

Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын басқа тұтынушылар мен заңды тұлғалар) үшін тариф киловатт-сағатына 17,10 теңгеден 18,68 теңгеге дейін (9%-ға) өсті.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу үшін электр энергиясын пайдаланатын тұтынушыларға және "Атырау облысы су арнасы" КМК үшін тариф киловатт-сағатқа 13,19 теңгеден 15,07 теңгеге дейін (14%-ға) өсті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 ақпан 2020, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.