Сұрақ-жауап Бала дәрігеріне зәруміз -Біз Авангард-2 мөлтек ауданындағы №72 үйде тұрамыз және аумақтық мекен-жай бойынша №9-шы үйдегі емханаға қараймыз. Міне, бірнеше ай болды, бізде тұрақты педиатр-дәрігер жоқ. Оған нендей себеп? 30 маусым 2011, 18:56 2 319 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құрылысқа салған қаржым құнсызданып қалды... - 2007 жылы мен құрылыс компаниясының бірімен көп қабатты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан болатынмын. Алайда компания өз міндетін орындаған жоқ, яғни, құрылысы 2008 жылы бітуге тиісті болған үй әлі күнге тапсырылмай отыр. Ал, құрылысты салушы компания ақшаны қайтаруды тіпті, қаламайды да. Өз ақшамды қайтаруға тырысқан нәтижесіз әрекетімнен кейін мен 2009 жылы сотқа шағымдандым. Сот бұл істі менің пайдама шешіп берді және құрылыс компаниясына пәтер үшін төленген ақшамды қайтарып беруді міндеттеді. Бірақ... 30 маусым 2011, 18:58 2 274 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бағдарлама - президенттікі, ақша – сіздікі – Біздің подъезіміздің есігінде президенттің «Ұлт саулығы» бағдарламасы аясында ақылы компьютерлік диагностика жүргізіледі деген жарнамалық хабарландыру ілініп тұр. Шындығында осындай бағдарлама бар ма? Және жеке кабинеттердің бұған қандай қатысы бар? 30 маусым 2011, 19:01 2 629 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қорғастағы жайсыздық - Мен үй салып жатқандықтан Қытайға тауар үшін бара жатқан таныстарымнан ламинат, есік секілді басқа да материалдарға тапсырыс берген едім. Міне, содан бері екі ай өтті, менің таныстарымның тауарлары, оның ішінде менің де тауарларым Қорғаста тұр. Дұрыс рәсімдеу жүргізімегендігінен тауарларды контрабанда есебінде тәркілеу мүмкін деген әңгімелер де айтылып жатыр. Тауар шекарада енді қанша уақытқа дейін тұрады? 23 маусым 2011, 20:02 2 277 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Қош бол, сәулем, көргенше» - Менің жасым 20-да, мен Санкт-Петербургте жоғары оқу орынында оқимын. РФ-да қалып, Ресей азаматтығын алғым келеді Ол үшін мен қандай құжаттар пакетін жинауым керек? 23 маусым 2011, 20:03 3 939 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қателік болмас үшін құжат керек – Маған пәтерімнің банкте кепілдікте тұрмағандығы туралы анықтама қажет болған еді. Жалпы мұндай анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығы тек жеке бас куәлігімді көрсеткен жағдайда бере алады. Ал іс жүзінде олар мүлікке құқығымды растайтын құжаттар әкелуімді өтінеді? Не үшін? 16 маусым 2011, 01:07 2 105 рет қаралды
Сұрақ-жауап Анықтама алу тәртібі – Сотталмағандығы туралы анықтаманы қайдан алуға болады? Оның әрекет мерзімі қандай? 16 маусым 2011, 01:08 4 020 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кафе салуға кім рұқсат берген? – Өткен жылы Авангард ықшам ауданындағы №24 үйдің жанындағы балалар алаңының орнынан екі қабатты қоғамдық тамақтану ғимараты салына бастады. Қазір құрылыс тоқтап қалды. Үйіміздің негізгі коммуникациясының болашақ кафе іргетасының дәл астында орналасқаны бізді алаңдатады. Қалалық әкімдіктегілер құрылыстың сот ісіне байланысты уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Біз мынаны білгіміз келеді: балалар алаңын кері қайтара ма және жалпы сәулет басқармасындағылар көппәтерлі тұрғын үй коммуникациясы өтетін жерге кафе салуға қалай рұқсат берген? 16 маусым 2011, 01:14 2 244 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күрелмейтін үйлер де бар – Ата-анам Әуезов, 28 мекен-жайындағы ескі екі қабатты жиналмалы-қалқанды үйде тұрады. Олар бұл үй таяу уақытта күреле ме, соны білгілері келеді. Әуезов, 25 мекен-жайындағы осындай үй күрелген еді. Енді осы жерге жаңа тоғыз қабатты үй салынуда. Олар үйдің фотосуретін тіркеп әкімдікке бірнеше рет хат жазған, бірақ ақыры нақты жауап ала алмады. Бұл үйді осыдан 20 жыл бұрын күрейміз деген еді. Үйдің сырты түгел сыдырылып түсіп қалған, жөндеу жүргізу мүмкін емес. Ғимарат «отырып» бара жатқандықтан үйде салқын су жоқ, ол тіпті қала картасында белгіленбеген. 16 маусым 2011, 01:16 2 553 рет қаралды
Сұрақ-жауап Апостиль қайда қойылады? – Атырау қаласында құжаттарды қай жерде апостильдеуге болатынын білгім келеді. Қандай құжаттарға апостиль қойылады? 2 маусым 2011, 15:44 2 407 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Күміс алқаны» алтыншы сәбиден соң тағады – Мен бес баланың анасымын. Маған көп балалы ана ретінде «Күміс алқа» тиесілі ме? 2 маусым 2011, 15:48 2 408 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарсақ қаңғыбас иттен қауіпті емес – Нұрсая мен Ескі әуежай аудандарының аралығында биылғы көктемде неліктен қарсақ көбейіп кеткен? Жабайы дала аңының жақын маңда жүруі қауіпті емес пе? 26 мамыр 2011, 15:57 5 755 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сыйақы мұғалімдердің барлығына бірдей берілмейді – Қазір қала мектептерінің мұғалімдері І-тоқсанның қорытындысы бойынша сыйақы алуда. Сөйтсек, оны аудандардағы мектеп қызметкерлері де алып жатыр екен. Облыстағы оқу орындарының оқытушыларына сыйақы тиесілі ме? 26 мамыр 2011, 15:59 2 303 рет қаралды
Сұрақ-жауап Техникалық тексеру талондары келді - Жыл басында техникалық тексеруден өткен едім. Алайда талондардың тапшылығынан белгіні техникалық тексеру актісіне қойды. Наурызда және сәуірдің басында ІІД жол полициясы басқармасына хабаралсқанымда талондардың әлі келмегендігін айтқан еді. Енді бұл талондар келді ме, жоқ па? 26 мамыр 2011, 16:01 2 017 рет қаралды
Сұрақ-жауап Есептен шығаруға құқылы – Қазір анам сіңліме сыйлық құжатын дайындауда. Мені үйден келісімімсіз есептен шығарып тастауға құқылы ма? Менің өз баспанам жоқ, туысқандарымның үйінде тұрып жатырмын. 26 мамыр 2011, 16:08 2 193 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әуре қылған тауар - Жақын арада жанар-жағармай стансаларының бірінен ауа тазартқыш сатып алған едім. Ол жарамсыз боп шықты. Мен тауарды кері қайтарғым келген. Бірақ оны кассир чек соғып қойдым деп қабылдамай, тауарды әлдебір фирма жеткізеді, соған барыңыз дегенді айтты. Қандай ақымақтық десеңізші, қазір тауарлардың жартысы Қытайдан әке-лінеді емес пе?! Сапалық тұрғыда талап қою үшін Қытайға бармайтын шығармын. Ауа тазартқыш қымбат тауар емес. Оны лақтыра салуыма болар еді. Бірақ жанар-жағармай стансаларында азық-түліктерді де сатады ғой. Ал бұл жағдайда сапасыз тауар үшін кім жауап береді? 19 мамыр 2011, 18:23 2 763 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әнтек әрекеттің әлегі - 29-сәуірде коммерциялық кассалардың бірінен теміржол билеттерін сатып алған едім. Сатып алар кезде кассирге Шетпеге 6-мамыр күні таңертең жетіп және сол күні кешкісін кері қайтуымыз керектігін, бізбен бірге егде тартқан үлкен адам бар екендігін әлденеше рет түсіндірдім. Кері қайтарда кассирдің бізге Шетпе - Атырау бағытындағы билеттерді 6-мамыр күні сағат 00.25-те жүретін пойызға, яғни бір тәулік бұрын өтіп кеткен бағытқа жазып бергенін анықтадық. Айқай-шумен әжемізді қасына еріп жүрген адаммен бірге пойызға мінгізіп жібердік. Бірақ оларды Бейнеуде вагоннан түсіріп тастапты. Атырауға дейін олар әрі қарай таксимен жеткен. Жүйкені жұқартқан әбігердің, жол азабының салдарынан әжеміз ауырып қалды. 19 мамыр 2011, 18:29 2 234 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ыммен түсіну тіліне екі айда үйренуге болады - Мен Атырауда сурдоаудармашылар жетіспейді деп естідім. Бір аудармашыға он саңырау-мылқау жаннан келеді екен, тіпті оған кезекке жазылатын көрінеді. Сурдоаудармашылардың жалақылары төмен дейді ғой, дегенмен мен оларды қайда оқытатындарын білгім келеді? Зағип жандардың қалай болғанда да жағдайын ойлаған жөн емес пе? 19 мамыр 2011, 18:31 3 716 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көліктер міндетті түрде тексеріледі – «Тойота-орталықтан» машина сатып алғалы жатырмын. Соңғы кездері орын алған жағдайларға байланысты олардың радиация деңгейі тексеріле ме, жоқ па, соны білгім келеді. 4 мамыр 2011, 19:36 2 510 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сотқа жүгінген жөн – Менің балам өсіп келеді. Балам әкесінің тегіне жазылған, алайда, біз некеде емеспіз, оның тарапынан ешқандай да көмек беріліп жатқан жоқ. Мен ресми түрде жалғызбасты ана мәртебесін ала алам ба? 4 мамыр 2011, 19:40 2 395 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дубликат алу тәртібі – 1971 жылы төлқұжат алған кезде туу туралы куәлігімді тапсырған едім. Енді маған осы құжат қажет боп тұр. Туу туралы куәліктің дубликатын қайдан алуға болады? 4 мамыр 2011, 19:43 3 250 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тетігі көп телефон Атыраулық «Алтел» компаниясы кеңсесінің клиенттерге қарым-қатынас жасау тұрғысындағы қызметіне өз наразылығымды білдіргім келеді. Жақында сол жерден HTC EVO 4G маркалы телефонды нөмірімен бірге сатып алған едім. Алайда сатып алған затымды бірден ала алмадым. Өйткені қоймашы орнында болмай шығып, ол тек сағат 15-терге таман ғана жұмысқа келді. 4 мамыр 2011, 21:25 2 770 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ешқандай ақша берілмейді - Мен бір мекемеде 3 ай жүктілік мерзімімде биылғы ақпан айында өз еркіммен жұмыстан шығып кетіп едім. Онда небары 6 ай ғана жұмыс істедім. Содан бері екі ай өтті. Төлем орталығына 3 ай бойы ғана зейнетақы есепшотыма ақша түсіп тұрды. Декреттік демалысым мамыр айында бітеді. Маған бұл жағдайда декреттік жәрдемақы қалай төленеді? Ол үшін қандай құжаттарды және оларды қайда тапсыруым қажет? 4 мамыр 2011, 16:11 2 302 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бұйымдарды ҚҚС-тан босатудың өз тәртібі бар – Маған стоматологиялық кабинет үшін керекті техника әкелу керек. Мен дәрі-дәрмектің қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылғандығын білемін, ал, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қатысты қалай болмақ? 27 сәуір 2011, 19:47 2 803 рет қаралды
Сұрақ-жауап Полицияға хабарлаған жөн – Күйеуім ойын автоматтарында ойнауға, яғни, құмар ойындарға алаңдаулы. Бұл ойын мекемесінің қайда орналасқанын мен білемін. Осы мекеменінің қызметін тоқтату үшін қайда хабарласқан дұрыс? 27 сәуір 2011, 19:49 2 409 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі бұрынғыша қалды – Мен Өзбекстан азаматымын. Осында келген кезімде көші-қон полициясына тіркелген едім. Бір айдан соң тіркеу мерзімін тағы 30 күнге ұзартып алдым. Ал жақында маған тіркеу мерзімін тек 10 күнге ғана берді. Неліктен? Заңнамаға өзгерістер енген бе? 20 сәуір 2011, 19:51 2 351 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жазбаша өтініш жазыңыз – Мен кеніште химиялық талдау лаборанты боп жұмыс істеймін. Жеке еңбек келісім-шартында зиянды өндірісте жұмыс жасайтындығым көрсетілмеген. Бірақ бензин, мұнай және басқа да зиянды химиялық қоспалармен жұмыс істеуіме тура келеді. Лаборанттың жұмысы зиянды деп есептеле ме? Осыған қатысты қайда хабарласқаным жөн? Менің жұмыс берушім жұмыстың зиянды еместігін, жұмыс орнындағы өлшегіш құрылғылардың рұқсат етілген мөлшерді көрсетіп отырғандығын растап отыр. Алайда басқа кеніштерде лаборант боп жұмыс істеген кезімде жеке еңбек келісім-шартында жұмыстың зиянды екендігі көрсетіліп, бізге үстеме ақы төлейтін. Жұмыс орнындағы зияндылық мөлшерін анықтау қаншалықты жиі жүргізіліп тұруы тиіс? 20 сәуір 2011, 19:54 2 645 рет қаралды
Сұрақ-жауап Пайдалану мерзімі бес жыл – Келесі аптада үйіме су есептегіш құралын орнатпақпын. Сумен қамту төлемақысы қандай болмақ? Өйткені жарты ай бойына есептегішім болған жоқ қой. Екіншіден, көршілер 2010 жылдан кейін шығарылған есептегішті сатып алу керек дейді. Осы рас па? 20 сәуір 2011, 19:56 2 750 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек демалысыңыз қалай төленбек? - Менің мамандығым - мұғалім. Мектепте бір жерде 18 жыл қызмет еттім. Қазір декреттік демалыстамын. Былтыр кезекті демалыстан соң, тамыз-қыркүйек айларында жұмыс істеп, қазанның 10-ынан ақпанның 15-іне дейін декретке шықтым. Қолыма баланы босануыма байланысты бір реттік жәрдемақымды алдым. Содан бері қазір үйде бала күтімімен отырмын. Білгім келгені, маған еңбек демалысының ақшасы төлене ме және қандай уақыт мерзіміне байланысты берілуі тиісті? Себебі, есеп бөліміндегілер тек тоғыз күнге ғана есептеп отыр. Одан басқа, мұғалімдерге тиесілі бір жолғы сауықтыру жәрдемақысы деген төлене ме? 20 сәуір 2011, 22:16 3 852 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақы қорындағы ақшамды заңсыз аударып алыпты Жұмыс барысында жарақат алып мүгедек болып қалған баланы дәрігерге көрсету қамымен зейнетақы қорындағы ақшаны алу мүмкіндігін қарастырған едім. Бірақ «Ұлар Үміт» зейнетақы қорындағы баламның зейнеткерлік төлемін Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының (ГНПФ) балама ескертусіз және келісім шартсыз құйып алғанын естіп таң қалдым. Мәселе сотқа берілді. Алайда Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Атыраудағы филиалы басшысы бірнеше мәрте қатарынан сотқа келмей жүр. Сот жауапты адам келмесе шешім қабылдай алмай ма? 20 сәуір 2011, 22:19 2 298 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алқа билер қаулысы да бұзылады 12 адамнан құралған қалалық алқа билер отырыс шешімін қандай деңгейдегі сот бұза алады? 20 сәуір 2011, 22:25 2 335 рет қаралды
Сұрақ-жауап Екі жәрдемақы алуға болмайды – 1998 жылы мен ІІІ топ мүгедектігін алдым, қазір мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын. Қазіргі уақытта жұмыста жоқпын. 58 жасқа толған бойда №2 тізімдегі 12-ші бөлімде қарастырылған көп жылдар бойына ауыр жағдайда жұмыс жасағандығым туралы анықтаманы рәсімдеген едім. Бұл маған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорынан төлемақы алуға мүмкіндік береді. Маған енді қай жәрдемақы тиесілі – екеуі де ме, әлде тек біреуі ме? 13 сәуір 2011, 20:46 2 251 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тұрғын үй жәрдемақысы кестемен беріледі – Отбасымыз тұрғын үй жәрдемақысын алады, алайда оны бізге тоқсан сайын бір рет төлеп тұрады. Ал коммуналдық есеп-шоттар ай сайын келеді. Уақытында төлемегендіктен «Атырау-Жарықпен» проблемалар боп жүрді. Энергетиктер токты ажыратпас бұрын неге тұрғын үй жәрдемақысын алу кестесін ескермейді? 13 сәуір 2011, 20:47 2 509 рет қаралды
Сұрақ-жауап Телеарнаға бақылау жасалады – Бұрын «31» телеарнада «жүгіртпелі жолға» қатысты проблема болатын. Оны кадрдың дәл ортасына дерлік жіберетін. Енді жарнама мәтінін субтитрды жауып тұратын фонға қоятын болыпты. Кейде сүйікті сериалыңның нағыз қызық жеріне келгенде жарнама мәтіні шыға келеді... 13 сәуір 2011, 21:13 2 173 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қос тілдің құқы тең – Жақында қаладағы мекемелердің бірінде менен басшының атына орыс тілінде жазылған хатты қабылдаудан бас тартты. Хатшы қыз өтінішті тек мемлекеттік тілде ғана қабылдау жөнінде мекемеішілік бұйрық бар екендігін желеу етті. Мен түсіндіруді талап еткен соң ғана хатымды қабылдады. Содан соң мұны жергілікті деңгейдегі бастықтардың жеке бастамасы деген тұжырымға келдім. Егер қолданыстағы заңға қандай да бір түзетулер енгізілген болса, халық бұл туралы хабардар болып, хатты бірден талапқа сәйкес жазған болар еді. Бәлкім, менің білмейтінімдерім бар шығар? 13 сәуір 2011, 21:19 2 630 рет қаралды