Атырау, 13 желтоқсан 04:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Бәрі бұрынғыша қалды

2 228 просмотра

– Мен Өзбекстан азаматымын. Осында келген кезімде көші-қон полициясына тіркелген едім. Бір айдан соң тіркеу мерзімін тағы 30 күнге ұзартып алдым. Ал жақында маған тіркеу мерзімін тек 10 күнге ғана берді. Неліктен? Заңнамаға өзгерістер енген бе?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Руслан ӘДІЛОВ жауап береді: «Ешқандай өзгеріс жоқ, бәрі бұрынғыша қалды. Басқа елдің азаматтары бір айға тіркеледі және оған қоса тағы бір ай беріледі. Өтініште келу сапары көрсетіледі. Ал Өзбекстан азаматтары жалпы жеке шаруаларымен немесе қонақтыққа 10-15 күнге келдік дейді. Сондықтан да оларды 10 күнге тіркейді. Бұл жағдайда 10 күн мерзім өткеннен кейін олар қайтадан, келу мерзімін бір айға дейін ұзарту үшін қалалық бөлімге хабарласулары тиіс».

20 сәуір 2011, 19:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.