-Біз Авангард-2 мөлтек ауданындағы №72 үйде тұрамыз және аумақтық мекен-жай бойынша №9-шы үйдегі емханаға қараймыз. Міне, бірнеше ай болды, бізде тұрақты педиатр-дәрігер жоқ. Оған нендей себеп?
Телефон арқылы
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢайтуынша, бұл участок бойынша учаскелік педиатр бекітілген. Қазір ол сырқаттануына байланысты жұмыста жоқ. Маман-дәрігердің міндетін оның әріптестері атқаруы керек, алайда, осы 9-шы үйде орналасқан №1 емхананың филиалында басқа да емханалардағы секілді кадрлардың жетіспеушілігі бар. Штат бойынша тиісті 9 педиатрдың орнына филиалда барлығы 4 педиатр және бір фельдшер жұмыс жасайды. «Тамыз айында біз еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін - жас мамандарды күтіп отырмыз. Олардың арасында бізге бірінші кезекте керекті болып табылатын педиатрлар болар деген сеніміміз бар. Бірнеше жыл болды, ЖОО педиатрларды дайындамайды, тек жалпы тәжірибе дәрігерлерін ғана дайындайды»,-деді Гүлфара Өмірбаева.