– Келесі аптада үйіме су есептегіш құралын орнатпақпын. Сумен қамту төлемақысы қандай болмақ? Өйткені жарты ай бойына есептегішім болған жоқ қой. Екіншіден, көршілер 2010 жылдан кейін шығарылған есептегішті сатып алу керек дейді. Осы рас па?
Телефон арқылы
Сұраққа «Атырау су арнасы» абоненттік бөлімінің бастығы Гүлсім ДҮСІПОВА жауап береді: «Сізге төлемақыны күн бойынша есептейді. Есептегіш болмаған айдың жартысы үшін сізге тариф бойынша, ал қалған күндерге есептегіштің көрсеткіштері бойынша төлеуге тура келеді. Су өлшегішті орнатқаннан кейін тұтынушы есептегіш құралын қабылдауға өтініш жазып, осы процедура үшін 300 теңге төлеуі керек. «Атырау су арнасы» мамандары келіп, есептегіштің бар екендігі туралы хаттама толтырады. Дұрысы, ресейлік «Бетар-Восток» есептегішін сатып алған жөн. Олар барлық құрылыс дүкендері мен базарлардың сантехникалық бөлімдерінде сатылады. Шынымен де 2010-шы жылы немесе 2011-шы жылы шығарылған есептегіштерді алған тиімді. Өйткені есептегіштің пайдалану мерзімі төлқұжатқа сәйкес 5 жыл құрайды».