Атырау, 27 желтоқсан 00:51
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бұйымдарды ҚҚС-тан босатудың өз тәртібі бар

2 683 просмотра

– Маған стоматологиялық кабинет үшін  керекті техника әкелу керек. Мен дәрі-дәрмектің қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылғандығын білемін, ал, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қатысты қалай болмақ?

Телефон арқылы

Сауалға Атырау облысы бойынша салық департаментінің Кедендік Одақ аясындағы жанама салықтарды әкімшілдендіру басқармасының бастығы Ақтоты ТОЙБАЗАРОВАжауап береді. «Қосылған құн салығын төлеуден түрлі формадағы дәрі-дәрмектер импорты босатылады, оның ішінде дәрілік заттардың, дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесi босатылады. Кедендік одаққа мүше мемлекеттер аумағынан ҚР аумағында тауарлар импортын ҚҚС-тан босату үшін ҚР салық органына мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс:

1) Осы ереженің 3-ші жалғамасында көрсетілген форма бойынша әкелінген тауарларды мақсатты қолдану міндеттемесі;

2) Кедендік одақ мүшелері болып табылатын мемлекеттер аумағынан ҚР аумағына әкелінетін тауарға ҚҚС төлеуден босату үшін ҚР кедендік органдары берген Кедендік одақтың ішкі экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының коды бойынша жасалған қорытынды.

Бұдан басқа, салық төлеуші салық органына өкілетті орган берген ҚҚС салығынан босатылғандығын растайтын, дәлірек айтқанда:

- ҚР медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде мемлееттік тіркеуден өткендігін растау;

- ҚР дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы  бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу айналым саласындағы мемлекеттік органдардың келісімі;

- медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техникалар, дәрі-дәрмектерді көтерме сату және өндіруге лицензия секілді құжаттарды ұсынады.

Кедендік одақ мүшесі болып табылатын мемлекеттер аумағынан ҚР аумағына әкелінетін тауарлар тек босатылуға  ұсынылғандарына байланысты қолданылуы тиіс. Ал, ҚҚС төленбеген жағдайда бюджетке төленетін төлем салық заңналамаларына сәйкесті өндірілетін болады. Сондай-ақ, ондай тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтінішті толтыру барысында 18-ші бағанда «жеңілдік» деген сөз жазылады, ал 20-шы бағанда «0» (ноль) деген белгі жазылады».   

27 сәуір 2011, 19:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.