– Сотталмағандығы туралы анықтаманы қайдан алуға болады? Оның әрекет мерзімі қандай?
www.azh.kz сайтынан
Сұраққа ҚР Бас прокуратурасының Атырау облыстық құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасындағылар жауап берді:
- Анықтама алу үшін азаматқа мекен-жайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке бас куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін алып баруы керек. Сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама сол жерде өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде беріледі. Бұл анықтаманың әрекет мерзімі қандай да болмасын заңмен немесе актімен реттелмейді. Негізінен мұндай анықтамаларды жұмысқа орналасу кезінде сұрайды. Сондықтан мұның бәрі жұмыс берушіге байланысты. Біреулерге жарты жыл бұрынғы анықтама жарамды болса, ал енді басқаларға бір ай бұрын берілген анықтаманы ұсынуға болады.