Атырау, 27 желтоқсан 18:03
 ашықВ Атырау -4
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бағдарлама - президенттікі, ақша – сіздікі

2 507 просмотра

– Біздің подъезіміздің есігінде президенттің «Ұлт  саулығы» бағдарламасы аясында ақылы компьютерлік диагностика жүргізіледі деген жарнамалық  хабарландыру ілініп тұр. Шындығында осындай бағдарлама бар ма? Және жеке кабинеттердің бұған қандай қатысы бар?

Телефон арқылы

Бұл мемлекеттік бағдарламаға ешқандай қатысы жоқ жеке медициналық кабинеттердің жарнамалық хабарландырулары. Өткен жылдан бастап мемлекеттік емханаларда скрининг және артериялық қан қысымының көтерілуіне, омырау қатерлі ісігі, жатыр мойынының қатерлі ісігін анықтауға жүргізілетін алдын-ала тексерулер тегін жасалады. Жыл басынан бері қандағы глюкозаны анықтау, қан тобын, В және С гепатиттерінің болуы және су қараңғылық-көз ауруларын анықтау үшін тексерулер де жүргізілуде. Ал, жылдың екінші жартысынан бастап колоректальды қатерлі ісікке тегін жедел-тестілеу жүргізілетін болады. «Ал, аталмыш хабарландыруларға келетін болсақ, олар жеке кабинеттерде тексерілуге шақырады. Ол кабинеттерде ақтөбелік және алматылық дәрігерлер жұмыс жасайды деп олардың өздері сендіреді. Алайда, олар Атырау облысында жұмыс жасау үшін бізден лицензиялар алған жоқ»,– дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық бөлімінің бастығы Алмагүл ҚАБДРАХМАНОВА.

30 маусым 2011, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.