Атырау, 27 желтоқсан 16:47
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қорғастағы жайсыздық

2 174 просмотра

- Мен үй салып жатқандықтан Қытайға тауар үшін бара жатқан таныстарымнан ламинат, есік секілді басқа да материалдарға тапсырыс берген едім. Міне, содан бері екі ай өтті, менің таныстарымның тауарлары, оның ішінде менің де тауарларым Қорғаста тұр. Дұрыс рәсімдеу жүргізімегендігінен тауарларды контрабанда есебінде тәркілеу мүмкін деген әңгімелер де айтылып жатыр. Тауар шекарада енді қанша уақытқа дейін тұрады?

Мәдина

Жүктің Қазақстанның ішкі шекарасында тұрғандығынан кедендік рәсімдеу толық бағдарлама бойынша жүргізіледі. Қорғастағы жағдайды ескеріп тексерулер аса мұқияттылықпен жүргізіледі,-деген сенімде Атырау облысы бойынша кедендік департамент өкілдері. Жағдай сол таныс әйелдердің кедендік декларацияны дұрыс толтырмауы салдарынан туындаған. Мұндай жайттар Қорғаста болып тұрады: барлық жүк түрлері – электроника, тұрмыстық техника, құрылыс материалдары жаппай тұтыну тауарлары ретінде рәсімделген. Ал, бұл олардың кедендік құнын төмендетуге жол береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген операцияның нәтижесінде бұл анықталып, заңсыз болып танылды. Көптеген тауар иелері рәсімдеу процедурасына және жариялауға асықпайды, өйткені жүк дұрыс рәсімделмеген және оларды тауарын тәркілеуге дейінгі айыптау шаралары күтеді.

«Қытаймен шекарада қанша жүктің тұрғанын айту мүмкін емес,-дейді «Ақ Жайық кедендік рәсімдеу орталығының бастығы Арман КҮШЕМБАЕВ. –Оның үстіне сауал берген әйел тауардың кімнің атына жазылғандығын, тапсырысты ресми түрде рәсімдеді ме немесе ауызша келісімге келді ме ол туралы айтпаған. Тауардың тағдыры осындай мәліметтерге де байланысты болады».

23 маусым 2011, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.