– Нұрсая мен Ескі әуежай аудандарының аралығында биылғы көктемде неліктен қарсақ көбейіп кеткен? Жабайы дала аңының жақын маңда жүруі қауіпті емес пе?
Талғат Х.
Сұраққа Атырау обаға қарсы стансасының аға зоологы Федор САРАЕВ жауап береді:
– Олар тек сол маңда ғана емес. Оның себебі көп. Біріншіден,оларқоқысты жерлерге үйірсек болады. Табиғи жағдайда азық табу үшін тамақтардың қалдықтарымен қоректенеді. Қазір оның терісін қажет ететін кәсіпшілік те жоқ. Яғни, олардың көбеюіне жақсы жағдай жасалған. Табиғатта да олардың жаулары жоқ. Оларды ешкім атпайды деуге болады. Бірақ есебі жүргізілмегендіктен, нақты айта алмаймын. Оларды біреулердің есептеп жатпағаны анық. Сондықтан оларды көбейіп барады деп айтуға әлі ерте. Әрине, белгілі бір учаскелерде олардың көбейіп кеткені қиындау. Қаңғыбас иттер секілді ұсақ дала түлкілері құтырма ауруымен ауыруы мүмкін. Қай уақытта да қауіп болады. Ауру жануар қорқыныш дегенді білмейді, сондықтан адамға қарсы шабуы мүмкін. Бірақ соншалықты қауіпті деп ойламаймын. Өз басым ондайды көрген жоқпын. Дегенмен құтырған түлкілерді көргенім бар.