– Қазір қала мектептерінің мұғалімдері І-тоқсанның қорытындысы бойынша сыйақы алуда. Сөйтсек, оны аудандардағы мектеп қызметкерлері де алып жатыр екен. Облыстағы оқу орындарының оқытушыларына сыйақы тиесілі ме?
№1, 2, 3, 4 мектеп-интернаттың, Досмұхамбетов атындағы лицейдің, қазақ-түрік лицейінің оқытушылары
Экономикалық мәселелер жөніндегі облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Клара МҰҚАШКЕРЕЕВАНЫҢайтуынша, жергілікті жерлердің әкімдіктері қызметкерлерді ынталандыру мәселелерін сол жерде шешеді. Атырау қаласы мен аудан әкімдері өз бюджеттерінен қала мектептерінің қызметкерлеріне сыйақы бөлуді ұйғарған. Облыстық бюджеттен қызметкерлерді ынталандыруға қосымша қаржылар бөлінбеген. Ал облыс мектептері облыстық бюджеттен қаржыландырылатындықтан, оларға І тоқсанда сыйақы болмайды.