– Бұрын «31» телеарнада «жүгіртпелі жолға» қатысты проблема болатын. Оны кадрдың дәл ортасына дерлік жіберетін. Енді жарнама мәтінін субтитрды жауып тұратын фонға қоятын болыпты. Кейде сүйікті сериалыңның нағыз қызық жеріне келгенде жарнама мәтіні шыға келеді...
Мария Константиновна
Бұл телефон қоңырауын ұжымдық деп атауға болады. Мария Константиновна жарнамалық жүгенсіздіктен жапа шегіп отырған өзінің көптеген таныстарының атынан қоңырау шалыпты.
31 арнадан хабар таратып, оған жарнама орналастырумен «Жайық Студио» жарнамалық агенттігі» ЖК айналысады. Кәсіпорын директоры Жанар ҚОЖАНОВА зейнеткер айтып отырған проблеманы үзілді-кесілді теріске шығарды: «Біз осы секілді ақауларға бақылау жасап отырамыз, біздің жарнамамыз субтитрге қатысты ешқандай проблема тудырмайды», - деді ол. «31-Атырау» арнасының телекөрермендері мен директордың тікелей сөйлескені жөн болар деп ойлаймыз, сондықтан Қожанованың рұқсатымен агенттіктің 21-19-74 телефон нөмірін жариялап отырмыз.