Атырау, 19 сәуір 08:21
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Күрелмейтін үйлер де бар

2 340 просмотра

Әуезов көшесіндегі 28 үй

– Ата-анам Әуезов, 28 мекен-жайындағы ескі екі қабатты жиналмалы-қалқанды үйде тұрады. Олар бұл үй таяу уақытта күреле ме, соны білгілері келеді. Әуезов, 25 мекен-жайындағы осындай үй күрелген еді. Енді осы жерге жаңа тоғыз қабатты үй салынуда. Олар үйдің фотосуретін тіркеп әкімдікке бірнеше рет хат жазған, бірақ ақыры нақты жауап ала алмады.  Бұл үйді осыдан 20 жыл бұрын күрейміз деген еді. Үйдің сырты түгел сыдырылып түсіп қалған, жөндеу жүргізу мүмкін емес.  Ғимарат «отырып» бара жатқандықтан үйде салқын су жоқ, ол тіпті қала картасында белгіленбеген.

Бағыт Айтжанов

– Биылғы жылы Құлманов, 139 мекен-жайындағы үйлер күреле ме?

Телефон арқылы

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ: «Әуезов, 28 мекен-жайындағы үй күрелетін үйлердің тізімінде жоқ. Үйдің техникалық жағдайын куәландыру үшін сізге Атырау облыстық сәулет-құрылыс бақылау департаментіне хабарласу керек. Құлманов көшесінің бойындағы үй сәулет-құрылыс бақылау мамандарының қорытындысының негізінде апатты және күрелуге тиесілі үйлер тізімінде белгіленген. Алайда қазіргі кезде күреу туралы шешім әлі қабылданбаған. Бұл туралы тұрғындарға жазбаша түрде хабардар етілетін болады».

16 маусым 2011, 01:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.