- Жыл басында техникалық тексеруден өткен едім. Алайда талондардың тапшылығынан белгіні техникалық тексеру актісіне қойды. Наурызда және сәуірдің басында ІІД жол полициясы басқармасына хабаралсқанымда талондардың әлі келмегендігін айтқан еді. Енді бұл талондар келді ме, жоқ па?
Телефон арқылы
Атырау облыстық ІІД ЖПБ жол-техникалық қадағалау бөлімінің бастығы Махамбет ТӨЛЕМІСОВТІҢ а йтуынша, техникалық тексеру бланкалары келген. Сізге жол полициясы басқармасына хабарласуыңызға болады. Жаңа ережеге сәйкес, маңдайша әйнегіне техникалық тексеруден өткендігі туралы белгі соғылған жапсырма берілмейді.