– Күйеуім ойын автоматтарында ойнауға, яғни, құмар ойындарға алаңдаулы. Бұл ойын мекемесінің қайда орналасқанын мен білемін. Осы мекеменінің қызметін тоқтату үшін қайда хабарласқан дұрыс?
Телефон арқылы
ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарма бастығы Асылбек ТЕМІРҒАЛИЕВТІҢ сөзіне қарағанда, сізге ІІД немесе Атырау қаласы ІІБ (қалалық бөлімге) өтініш беруіңіз керек. Өтініш хатта жасырын клубтың орналасқан жерін көрсетуге тиістісіз. Өтініш хат түскеннен кейін мұнымен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы айналысатын болады. Айта кету керек, 2010 жылы полицейлер ондай 6 мекеменің қызметін анықтады. Биылғы жылы әзірге бірде-біреуі анықтала қойған жоқ.