– Жақында қаладағы мекемелердің бірінде менен басшының атына орыс тілінде жазылған хатты қабылдаудан бас тартты. Хатшы қыз өтінішті тек мемлекеттік тілде ғана қабылдау жөнінде мекемеішілік бұйрық бар екендігін желеу етті. Мен түсіндіруді талап еткен соң ғана хатымды қабылдады. Содан соң мұны жергілікті деңгейдегі бастықтардың жеке бастамасы деген тұжырымға келдім. Егер қолданыстағы заңға қандай да бір түзетулер енгізілген болса, халық бұл туралы хабардар болып, хатты бірден талапқа сәйкес жазған болар еді. Бәлкім, менің білмейтінімдерім бар шығар?
Телефон арқылы
«Тілдер туралы» қолданыстағы заңға соңғы кездері ешқандай толықтырулар енгізілген жоқ. Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма заңгері Алтынай САЙЛЫБАЕВАНЫҢ пікірінше, мұндай талап заңсыз.
–Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте хатты қабылдаудан бас тартқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Азаматтардың кез-келген жазбаша жолданымдары: өтініштері, хаттары, сауалдары мемлекеттік тілде және оған теңестірілген орыс тілінде жазылады. Ал оған жауап беретін мекеме сауал жазылған тілде немесе мемлекеттік тілде жауап бере алады. Бұл жауап берушінің қалауына байланысты.