Атырау, 27 желтоқсан 01:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сотқа жүгінген жөн

2 259 просмотра

– Менің балам өсіп келеді. Балам әкесінің тегіне жазылған, алайда, біз некеде емеспіз, оның тарапынан ешқандай да көмек беріліп жатқан жоқ. Мен ресми түрде жалғызбасты ана мәртебесін ала алам ба?

Телефон арқылы

Сауалға Атырау қаласы әділет басқармасының бас маманы Гүлнәр ҒҰБАШЕВА жауап береді: «Ол адам сотқа арыздануы керек. Арызға жеке басының куәлігін, баланың туу туралы куәлігін жалғап және баланың әкесі екеуінің бірге тұрмайтындығын және оның тарапынан ешқандай көмектің жоқтығын көрсетуі тиіс. Арызда міндетті түрде сот шешімімен баланың бұрынғы тегінде немесе анасының тегіне жазылатындығы көрсетілуі тиіс. «Әкесі» деген бағанда сот аталмыш заңның 49-бабы, 3-бөлігі негізінде анасының тегі бойынша көрсетуі тиіс. Егер сот анасының шағымын қанағаттандыратын болса, онда шешім заң күшіне енген соң АХАЖ органы сот шешімін орындап, акт жазбаларына өзгерістер енгізеді».

4 мамыр 2011, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.