Атырау, 27 желтоқсан 00:58
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Екі жәрдемақы алуға болмайды

2 172 просмотра

– 1998 жылы мен ІІІ топ мүгедектігін алдым, қазір мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын. Қазіргі уақытта жұмыста жоқпын. 58 жасқа толған бойда №2 тізімдегі 12-ші бөлімде қарастырылған көп жылдар бойына ауыр жағдайда жұмыс жасағандығым туралы анықтаманы рәсімдеген едім. Бұл маған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорынан төлемақы алуға мүмкіндік береді. Маған енді қай жәрдемақы тиесілі – екеуі де ме, әлде тек біреуі ме?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА жауап береді. «Жәрдемақы алушы жәрдемақының тек біреуін ғана таңдауы тиіс, өйткені заң бойынша оның жәрдемақының екі түрін алуға қақысы жоқ.ІІІ топ мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақы 12 061 теңге құрайды, оған 924 теңге мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы қосылады. Сонда барлығы 12 985 теңге құрайды. Ал №2 тізім бойынша төлем 12 069 теңгеге тең. Сондықтан алушыға мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақысын ала бергені тиімді», - деп хабарлады М.Лепесова. 

13 сәуір 2011, 20:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.