Атырау, 4 қазан 07:10
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Еңбек демалысыңыз қалай төленбек?

3 719 просмотра

- Менің мамандығым - мұғалім. Мектепте бір жерде 18 жыл қызмет еттім. Қазір декреттік демалыстамын. Былтыр кезекті демалыстан соң, тамыз-қыркүйек айларында жұмыс істеп, қазанның 10-ынан ақпанның 15-іне дейін декретке шықтым. Қолыма баланы босануыма байланысты бір реттік жәрдемақымды алдым. Содан бері қазір үйде бала күтімімен отырмын. Білгім келгені, маған еңбек демалысының ақшасы төлене ме және қандай уақыт мерзіміне байланысты берілуі тиісті? Себебі, есеп бөліміндегілер тек тоғыз күнге ғана есептеп отыр. Одан басқа, мұғалімдерге тиесілі бір жолғы сауықтыру жәрдемақысы деген төлене ме?

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Атырау облыстық филиалының заңгері Рысты ҚАЛИЕВА:

- Заң бойынша еңбек демалысы нақты жасаған мерзімге беріледі. Сіздің жағдайда еңбек демалысын жүктілікке байланысты демалысқа дейінгі мерзімде немесе содан кейін бала күтіміне байланысты демалысқа дейінгі мерзімде алу керек. Егер де қазіргі таңда бала күтіміне байланысты демалыста отырсаңыз, еңбек демалысын жұмыс орныңыз қалай беретіні түсініксіздеу.

20 сәуір 2011, 22:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.