Атырау, 27 желтоқсан 16:11
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Құрылысқа салған қаржым құнсызданып қалды...

2 189 просмотра

- 2007 жылы мен құрылыс компаниясының бірімен көп қабатты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан болатынмын. Алайда компания өз міндетін орындаған жоқ, яғни, құрылысы 2008 жылы бітуге тиісті болған үй әлі күнге тапсырылмай отыр.  Ал, құрылысты салушы компания ақшаны қайтаруды тіпті, қаламайды да. Өз ақшамды қайтаруға тырысқан нәтижесіз әрекетімнен кейін  мен 2009 жылы сотқа шағымдандым. Сот бұл істі менің пайдама шешіп берді және құрылыс компаниясына пәтер үшін төленген ақшамды қайтарып беруді міндеттеді. Бірақ  құрылыс компаниясы сот шешімін орындауға асықпады. Бірнеше  рет сот орындаушыларына жүгінуге тура келді.  Ақшаны құрылыс компаниясынан тек 1,5 жылдан кейін ғана сот шешімі шығарылған соң өндіріп алу мүмкіндігі туды. Ақшаны өндіріп алу кезінде, яғни, сот шешімі орындалған кезде инфляция   және экономикалық дағдарыс бір кездері көп болған соманы құнсыздандырып жіберді.  Үлескер бола алмағандардың шығынын лайықты өтемақы түрінде қарастыратын және  құрылысшылардың жауапкершілігін белгілейтін қазақстандық заңнамалар жоқ па? Мұндай жағдайға бір ғана менің тап болмағаныма сенімдімін.  

Телефон арқылы

Сауалға  «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің заңгері Аслан ЖОЛБОЛОВтүсінік берді. «Иә, бүгінгі күні сот шешімдерінің өз уақытында және тиісті түрде орындалуы өзекті мәселеге айналып отыр. Заң бойынша сот шешімінің мәжбүрлі түрде орындалуына екі ай мерзім берілетіндігіне қарамастан, іс жүзінде азаматтарға айлар бойы, кейді тіпті жылдар бойына күтуге тура келеді. Әрине, заңнамалармен сот шешімін, олар мейлі әкімішілік не болмаса қылмыстық болсын, орындаудан жалтарғаны немесе орындамағаны үшін жауапкершіліктер қарастырылған.  ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 234-бабында былай делінген: «сот мүдделі адамның арызы бойынша сот актісімен төлеттірілген ақшалай сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот актісі орындалған күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып, тиісті индекстеу жүргізе алады». Сот шешімінің 2009 жылы шығарылғандығын ескерсек, ал, ол бір жарым жылдан соң орындалғандықтан сот шешімі бойынша өндірілген сомаға индекстеу жүргізу өтінішімен сотқа арыздануға құқылысыз. Ал сізге Ұлттық банктің Атырау филиалынан сот шешімі орындалған ақырғы күнгі қайта қаржыландырудың ставка мөлшерлемесі туралы мәліметті алдын-ала алу керек».

30 маусым 2011, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.