– 1971 жылы төлқұжат алған кезде туу туралы куәлігімді тапсырған едім. Енді маған осы құжат қажет боп тұр. Туу туралы куәліктің дубликатын қайдан алуға болады?
К. Ким
Туу туралы куәліктің дубликатын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке бас куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы болуы керек, сондай-ақ, 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Мұны сол орталықтан төлеуге болады. Ол жерде кассалар бар, – деді Атырау қаласының әділет басқармасы бастығының орынбасары Әлібек АХАНОВ. Дубликатты 5 жұмыс күні ішінде беруі тиіс.