Атырау, 27 желтоқсан 00:41
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Алқа билер қаулысы да бұзылады

2 234 просмотра

12 адамнан құралған қалалық  алқа билер отырыс шешімін қандай деңгейдегі сот бұза алады? 

Атырау облыстық сотының судьясы Т.УӘЛИЕВАНЫҢ айтуынша егер қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралған болса  және іс бойынша  қабылданған сот актісі заңды күшіне енбеген болса, кассациялық тәртіппен кассациялық шағым келтіру арқылы  шағымдануына немесе наразылық келтіруіне құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу  Кодексінің, сондай-ақ облыстық және оған теңестірілген  соттың осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде  көрсетілген қаулыларды қоспағанда, істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері  мен қаулылары  осы тараудың  қағидалары бойынша  кассациялық тәрітппен қайта қаралуға жатады. Яғни, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралған болса және іс бойынша қабылданған сот актісі заңды күшіне енген болса, сот актісіне  риза болмаған іске қатысушы тұлға Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қадағалау алқасына қадағалау шағым келтіру арқылы  сот актісін қадағалау тәртібінде қайта қарау жөнінде шағымдануына немесе наразылық келтіруіне құқығы бар.

Бірақ ҚІЖК-нің 577-бабының  талабына сай, неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды  қолдану қажеттігіне байланысты айыптау үкімін, сондай-ақ сот қауысын жазаның жеңілдігіне орай немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеліп соқтыратын өзге де негіздер бойынша  қадағалау тәртібімен қайта қарауға, сондай-ақ соттың атау  үкімін не қылмыстық  істі қысқарту туралы қаулысын қайта қарауға  жол берілмейді. 

20 сәуір 2011, 22:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.