- Менің жасым 20-да, мен Санкт-Петербургте жоғары оқу орынында оқимын. РФ-да қалып, Ресей азаматтығын алғым келеді Ол үшін мен қандай құжаттар пакетін жинауым керек?
Телефон арқылы
ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, көші-қон полициясы органына төмендегідей тиісті құжаттар пакетін ұсыну керек:
1. Атырау қаласының ІІБ бастығының атына өтініш;
2. Өтініш-сауалнама 2 дана болады (Атырау қ. ІІБ көші-қон полициясы бөлімшесінің 5-ші терезесінде беріледі);
3. Жеке бас куәлігі мен төлқұжаттың және туу туралы куәліктің барлық беттерінің көшірмесі нотариальды куәландырылған болуы керек-2 дана;
4. 1512 теңге (е/ш 80900, ж/ш 108107) мөлшеріндегі мемлееттік баж салығының халық банкіне төленгендігі туралы түбіртектің түпнұсқасы мен көшірмесі;
5. Мекен-жай бюросынан анықтама-2 дана (Атрыау қаласы, ІІБ беріледі);
6. Неке туралы куәлік -2 дана немесе некеде тұрмайтындығы туралы нотариустан анықтама;
7. Зайыбының тұрақты мекен-жайға кетуіне байланысты нотариальды куәландырылған келісімі, егер ондай болса;
8. Ата-аналарының нотариалды куәландырылған келісімі. Егер олар марқұм болған жағдайда қайтыс болғандығы туралы куәлік;
9. 3х4 көлемдегі екі фотосурет;
10. Көшіп кетушіден алимент алуға құқылы ҚР-да тұратын тұлғадан нотариалды куәландырылған кету рұқсаты. Егер елден кетуші ондай рұқсатты ала алмайтын болса, онда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі;
11. Әскери есептен шығу және әскер билетін тапсыру жөніндегі анықтама;
12. Құжаттарды тігетін 2 папка;
13. Тұрғылықты мекен-жайынан анықтама (ХҚО-нан).