Атырау, 27 желтоқсан 02:34
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ыммен түсіну тіліне екі айда үйренуге болады

3 547 просмотра

- Мен Атырауда сурдоаудармашылар жетіспейді деп естідім. Бір аудармашыға он саңырау-мылқау жаннан келеді екен, тіпті оған кезекке жазылатын көрінеді. Сурдоаудармашылардың жалақылары төмен дейді ғой, дегенмен мен оларды қайда оқытатындарын білгім келеді? Зағип жандардың қалай болғанда да жағдайын ойлаған жөн емес пе?

Айнұр

Сауалға Қазақ саңыраулар қоғамы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрайымы Замила АХМЕТОВА жауап береді.

- Мен ондай мәліметтерді қайдан алғанын білмеймін. Бізде сурдоаудармашыларға аса  мұқтаждық жоқ, бәлкім, әңгіме аудандардағы жағдайларға байланысты айтылған болар, оларда шынында да аудармашылар жетіспейді. Біздер биылғы жылы бірінші рет сурдоаудармашыларды оқыту курсын жүргізгелі отырмыз. Біздің қоғам ыммен түсіну мамандарын дайындауға мемлекеттік сатып алулар бойынша байқауда жеңіп шықты. Жалпы, биліктегілер мұндай тендерді алғаш рет жариялап, оған қаржы бөліп отыр. Ақша қалай түседі, біз жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар ішінен 15 үміткерді таңдап алып, 2 айлық курсты бастайтын боламыз.  Ахметованың айтуынша, бұл жұмыс волонтерлік бағытта болады,  осынау игілікті істе ақша табу өте қиын, штат бойынша қызметке алынам деу ақылға сыйымсыздау, аз төленеді, әдетте, бұл кесімді жұмыс, ақысы сағатына қарай төленеді...

- Ал, осы қызметке қатысты білгеніңді құлағы естімейтін жандарды сотқа немесе клиникаға апаруға көмектескеннен басқа қайда қолдануға болады, бәлкім, телеарналарға жұмысқа тұру керек пе?

- Облыстық телеарнада жаңалықтарды,  хабарларды әдемі де түсінікті етіп, ыммен жеткізе білетін жас маманды оқытып шығу - бұл менің арманым, - дейді Замила. Облыс бойынша құлақтары естімейтін және нашар еститін 724 адам бар, олар да жаңалықтарды қарап қана қоймай, не айтылып жатқанын түсінгілері келеді ғой.

19 мамыр 2011, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.