Сұрақ-жауап Жолаушылар өтемақы алуға құқылы – Бірер апта бұрын Астанадан Атырауға ұшатын ұшақтың ұшу мерзімі кешіктірілді. Әуе компаниясының қызметкерлері ұшуға жарты сағат қалғанда рейстің кідіретінін хабарлаумен ғана шектелді. Сол уақыт ішінде осындай жағдай орын алғанда тиесілі ішіп-жейтін тағамдар ұсынған жоқ. Сол күні кешке Астанадан көп рейстерді кідіртті. Олар бұған «ұшақтың кешігіп жетуіне байланысты» деген ресми себеп айтады. Әуе тасымалдаушыда ұшуды кешіктіргені үшін жолаушылар алдында қандай да болмасын жауапкершілік бола ма? 14 наурыз 2012, 18:08 2 177 рет қаралды
Сұрақ-жауап Лас қарды өзенге лақтырмаңыз! - Жұмысыма (орталық көпір арқылы) жаяу барып келемін. Тазалаушылардың май сіңген лас қарларды көпірдің екі жағындағы жағалау мен мұзға лақтырып тастағанына көзім түсті. Осыған қатысты қалалық әкімдіктің диспетчеріне қоңырау шалып, қала тазалығына жауап беретін әкім орынбасарының қабылдауына кіргім келген. Бірақ онымнан түк шықпады, бәрі анағұрлым маңызды басқа жұмыстармен қолдары бос болмай шықты. Содан соң облыстық СЭС қызметінің бас дәрігеріне қоңырау соқтым. Ол мені мақтап, «кешікпей нәтижесін көресіз» деп уәде берді. Бірақ бір апта өтті, бәрі сол күйінде... 7 наурыз 2012, 18:32 2 165 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дәрі де, бәрі де жеткілікті - «Протаргол» тамшысын маған дәрігер үнемі тағайындайтын, ол қымбат емес әрі әсері де жақсы. Бірақ қазір тағайындамайтын болды. Неліктен? Егер оны қолданыстан алып тастамаған болса және учаскелік дәрігер тағайындаудан бас тартса, оны қалай алуға болады? (Дәрмек дәріханаларда тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана беріледі). 7 наурыз 2012, 19:37 2 184 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сот тәртібімен шешіледі Біздің асырап алған сәбиіміз басқа облыста дүниеге келген, бұл туралы туу туралы куәлікте жазылған. Жұбайым екеуміз мұның болашақта сәби неліктен біз бұрын-соңды болып көрмеген қалада туылды деген қажетсіз сұрақтар туғызуы мүмкін деп қауіптенеміз. Біз куәліктегі жазуды ауыстырғымыз келеді? Мұны қалай жасауға болады? 7 наурыз 2012, 18:40 1 905 рет қаралды
Сұрақ-жауап Өткізбейтін өтпе жол –Политехникалық колледждің жанында орналасқан теміржол өтпесінде үнемі көлік кептелісі болады. Бар болғаны екі көлік жолағы сыятын көпір астындағы енсіз жол арқылы қала Ақжар, Ақсай селолық округтерімен, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарымен, Қарабатандағы алып құрылыспен және Маңғыстау облысымен байланысқан. Білетін адамдар өтпе астында тағы екі көлік қозғалысының жолағын өткізуге мүмкіндік беретін кеңістік бар деседі. Қазір осы мәселе қолға алыныпты. Бұл нұсқа көлік ағынын көбейту үшін қарастырылған ба? 29 ақпан 2012, 20:07 2 388 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салымның құпия сыры –«Халықтық - зейнетақылық» банк салымының келісім-шартына сәйкес банк жыл сайын 10,6% сыйақы аударуы тиіс еді. Ал банк тек 9% ғана аударып отырды. Осылайша, банк клиентке, яғни, маған хабардар етпей, өз міндеттемесін бұзып отыр. Банктің салым бойынша жылдық мөлшерлемені өзгертуге қандай негізі болған? 29 ақпан 2012, 20:08 2 206 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қалай азаматша бола аламын? – Мен Қазақстан азаматшасымын, қызым Украина азаматшасы. 2005 жылы Украинадан Қазақстанға көшіп келдік. Содан бері қарай осы жерге тіркеліп, осы жерде тұрамыз. Қызыма ҚР азаматтығын қалай рәсімдеймін? 29 ақпан 2012, 20:12 2 173 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қам көңілді қуантатын кештер аз Мен мүгедек баламды бір өзім тәрбиелеп отырмын. Біздер мүгедектік және мүгедек балаға күтім жасаушы аналары үшін берілетін жәрдемақыны алып отырмыз. Жақында мен заңдардың бірінен бұл жәрдемақылардан басқа ай сайын коммуналдық қызмет шығындарының төлемін, отын, тұрғын үйді ұстау үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны және 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқылы екендігімізді білдім. Сондай-ақ, тағы да мен мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақылардан басқа оған қосымша жергілікті бюджеттен: тұтыну бағасы индексінің өсуіне сәйкес мемлекеттік арнаулы жәрдемақыға үстеме; өзгенің көмегіне мұқтаж жалғызбасты мүгедектерді күту үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қосымша үстемелер; шипажай-курорттық емдеу жеңілдіктері берілетіндігін білдім. Осы аталған жәрдемақылардың қайсысы төленеді, соны білгім келеді? 9 ақпан 2012, 18:35 2 168 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әзiрге тексеруден өтiп жатыр - Біздің Құлманов көшесіндегі №133 үй апатты жағдайда, оны қашан күрейміз деп жоспарлап отыр? 9 ақпан 2012, 18:43 1 838 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жайықтың екi атауы бар ма? - Жайық өзенінің атауын 1775 жылы ІІ Екатерина патшайымының Урал деп атауға жарлық шығарғаны белгілі. Алайда, әлі күнге дейін кейбір құжаттарда өзен Урал деп аталады. Жалпы біздің өз заңымызда жер-су атаулары өз қазақ тілінде аталу керек деген заң талаптары бар ма? 9 ақпан 2012, 18:45 11 480 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әйелдерді аялайық! Жақында менің Миялыда тұратын жүктілік кезеңінің 34-ші аптасындағы туысқанымды облыстық ауруханаға жіберген екен. Алайда, оның медициналық портал бойынша шақырту арқылы жолдамамен келгеніне қарамастан, оны перзентханаға қабылдамаған. Дәрігер патология бөлімшесінің шамадан тыс толық екендігін, ал, оған алдымен анемиядан үй жағдайында емделіп, босану мерзімі жақындаған кезде ғана облыстық перзентханаға келуі тиіс екендігін айтқан. Жүктіліктің үлкен мерзіміндегі әйелді әрлі-берлі мәжбүрлеп жүргізудің қажеттілігі қанша? 1 ақпан 2012, 21:03 6 057 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тізілімге қалай енуге болады? - Кедендік өкілдер тізіліміне енгізілу үшін негізінен қандай талаптар қойылады? Сыртқы-экономикалық қызметке қатысушы кедендік транзит рәсімі барысында жету орнын өзгерте ала ма? Кедендік транзит рәсімі аяқталғаннан кейін тасымалдаушы немесе басқа бір мүдделі тұлға тауарды уақытша сақтауға немесе кедендік рәсім бойынша орналастыруға қай уақыттан бастап міндетті? 1 ақпан 2012, 21:10 2 005 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шетелде қалған қаражат - Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне өзгерістер енгізілгендігі белгілі болды. Жекелеп алғанда, мен шетелден қаржының қайтарылмауы және репатриация талаптарын бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік туралы білгім келген еді. Жауапкершілікке тартылғанда салынатын айыппұл мөлшері қандай және ақша қандай мерзім ішінде аударылуы тиіс? 1 ақпан 2012, 21:12 1 928 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жеңілдік акциясын өзгертуге болмайды -Мен ұлттық әуе тасымалдаушы компания филиалдарының бірінен «Студенттік» акциясы бойынша 14 000 теңгеге билет сатып алдым. Алматыға оқуға баруыма тура келді. Алайда, артынша сабағымның кейіндеу басталатындығы белгілі болды да, сөйтіп, мен билетімді кейіндеу мерзімге қайта брондау үшін әуе компаниясына бардым. Алайда, компания өкілі олай етуге болмайтындығын, яғни, акция талаптарында оның қарастырылмағандығын хабарлады. Олай болған жағдайда мен ақшамды кері қайтаруды сұрадым, бірақ, билеттің толық құны емес, тек әуежайлық алым (972 теңге) ғана қайтарылатындығы белгілі болды. Әуе тасымалдаушының бұл әрекеті заңды ма? Өйткені, мен компанияның қызметін пайдаланғаным жоқ, оның үстіне, тасымалдаушыны ұшу күнінен бірнеше күн бұрын хабардар еттім. 18 қаңтар 2012, 19:47 1 871 рет қаралды
Сұрақ-жауап Диплом емес, тіркелген куәлік керек - Мен ҚР ІІМ академиясын бітірдім. Құқық қорғау органдарына жұмыс орналасайын деп, құжаттар толтырып, жүйке аурулары диспансеріне оларда есепте тұрмағаным жөнінде анықтама алу үшін барғанымда менен әскери билетті талап етті. Мен оларға өзімнің академияда оқығанымды, арнайы дипломым бар екендігін түсіндірсем де олар маған құлақ аспады, бәрібір әскери билетті талап етті. Мен не істеуім керек? 18 қаңтар 2012, 19:55 2 246 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тұрғын үй жәрдемақысы туралы - Үйді күрделі жөндеуге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын ұсыну ережесі ҚР Үкіметінің қандай қаулысымен бекітілген? 18 қаңтар 2012, 19:56 4 665 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақыңызды мұқият есептетіп алыңыз! - Менің жасым 62-де. Қазір жұмыстамын. Бұған дейін қысқартуға түсіп, екі жылдай жұмыссыз болдым. Маған зейнетақы қалай есептеледі? Жұмыс өтілімнің үзіліп қалғаны кері әсер етіп, ең төменгі зейнетақы есептеліп қалмай ма? Зейнетке шыққан соң жиналған ақшамды бірден ала аламын ба? 4 қаңтар 2012, 22:56 3 779 рет қаралды
Сұрақ-жауап Өз жерімді өзгеге қалай рәсімдеймін? - Менің времянка тұрғызылған жер учаскем бар. Соны ағамның атына аударғым келеді. Ол үшін қайда баруым және қандай құжаттар жинауым керек? 4 қаңтар 2012, 22:57 2 181 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек өтіліңізді сот арқылы даулайсыз -Мен «Дәулетьяров» ЖК-да көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген едім. Кейін жалақысы аз болған соң шығуыма тура келді. Ал көп кешікпей бұл жеке кәсіпкерлік жабылып қалды. Қалалық жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелу үшін және арнайы курс оқиын десем, ондағылар мені жұмыстан ресми түрде шығып кел деп өтінішімді қабылдамай отыр. Мекеме зейнетақы қорыма да ақша аударылмаған. Сонда ЖК жабылып қалса, мен қалай жұмыста тұрған болып есептелем? 4 қаңтар 2012, 22:59 2 126 рет қаралды
Сұрақ-жауап ЖИН алуға асығыңыз - Менің сұрайын дегенім, жеке идентификациялық нөмір (ЖИН) 2008 жылы және 2010 жылы туылған балаларымның туу туралы куәлігіне қажет пе? Ал өзімнің жеке куәлігімнің берілген күні: 27.12.2004 жыл. ЖИН менде де жоқ. Қалай болады? 8 желтоқсан 2011, 18:50 2 635 рет қаралды
Сұрақ-жауап Пәтер кезегін қалай білеміз? - Мен жақында Сәтбаев көшесі, 20-үйде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына барып, пәтер кезегіне тұрдым. Енді пәтер кезегін білу үшін ондағы мамандар маған алты айдан кейін ғана келесіз дейді. Бұрын пәтер кезегін ай сайын біле алатын еді ғой? Кезегіміздің әділ жылжып отырғанына қалай көз жеткіземіз? Қолымызға берген пәтер кезегінің нөмірі жазылған түбіртекте мөр де басылмаған. Ол дұрыс па? 8 желтоқсан 2011, 18:51 9 159 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тәубеге келмейтін күйеу – Менің құрбым ІІ топ мүгедегі (онкологиялық сырқаттан кейін), 17 және 11 жастағы екі баласы бар. Үлкен қызының есту қабілетінде кінәрат бар. Ал баласы неврологиялық сырқатқа шалдыққан. Көп жыл бұрын ол күйеуімен ресми түрде ажырасқан. Бірақ онымен бірге салған үйде бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр болып отыр. Бірақ онда балалар тұрады деген шартпен үйді салуға қаржының көп бөлігін құрбымның әпкесі берген еді. Енді бұрынғы күйеуі құрбымды екеуінің ортақ балаларымен бірге үйден қуып отыр. Күйеуін қалай тәубесіне келтірсек екен? Кезінде құрбым алимент алуға арыз берген болатын, бірақ ақыры алимент те ала алмады. Бұрынғы күйеуі жұмыс істемейтінін, сондықтан да балаларына ештеңе бере алмайтынын айтады. 30 қараша 2011, 20:04 2 248 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Түнгі» тариф -Түнде біздің пәтердің жылу құбырынан су ағып, оны өз күшімізбен тоқтатуға тура келді. Судың қатты арынынан, оның үстіне суды қайдан тоқтатуды білмегендіктен көршімізге су кетіп қалды. Қалада кез-келген уақытта шақыртуға келетін, мейлі, ол ақылы болса да қызмет көрсететін апатты қызмет орындары бар ма? 23 қараша 2011, 20:52 1 689 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шенді алу соттың құзырында – Айыпталушылар орындығынан құқық қорғау қызметкерлері жиі орын алып жатады. Алайда, оларды шендерінен түгел айырып жатпайды. Мәселен, өткен жылы сотталған «Күзеттегі» есірткі сатушы лейтенант Дәулетовті арнайы атағынан айырды, ал, оның есірткі салушы қалалық ІІБ-дегі әріптестерін (Саргсян, Сиранов, Мұқашев, Ахметов) өз шендерінде қалдырды. Осы қылмыскерлердің арасында олардың шендерінің қандай айырмашылықтары бар? 23 қараша 2011, 20:54 1 745 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тергеу құпиясы – Осы жылдың наурыз айында күйеуімнің жұмысында ұрлық болды. Киім шешінетін жердегі жәшікті бұзып, барлық бағалы деген заттарды: ұялы телефондарды (IMEI-коды бар), алтын бұйымдарды, құжаттар мен кәртішкелері бар қалта әмияны және басқа да заттарды ұрлап кеткен. Бастапқыда бұл істі тергеумен қалалық ІІБ айналысты, жауап, саусақ іздерін алды. Келесі айда іс аумақтық орналасуына байланысты Балықшыдағы полиция бөлімшесіне берілді. Содан бері күйеуімді және оның әріптестерін ұрланған заттардың құнын шамамен анықтауға және ұрланғандығы туралы арыз жазуға тағы да екі рет шақыртты. Сонымен іс бітті. Істің қайтадан қаралып, тергеудің жүруі үшін не істеуге болады және жалпы тергеуге қанша уақыт беріледі немесе оны жай ғана жауып тастап, ашылмаған іс ретінде мұрағатқа тапсыра ма? 23 қараша 2011, 21:00 2 075 рет қаралды
Сұрақ-жауап Белгілерге назар аудар! – Сәтбаев даңғылы бойында ешқандай белгі және жол ортасындағы «зебра» жолақ таңбасы жоқ жаяу жүргіншілер өткелі аз емес. Ол әсіресе, «Атырау» сауда-ойын сауық орталығы мен мешіт ауданында байқалады. Өтетін жер мен түсетін жерлер жаяу аймақта қаралған, алайда, дегенмен «жаяу жүргінші өткелі» екендігін білдіретін ешқандай белгі қойылмаған. Жүргінші жолды жүгіріп өткен жаяу жүргіншілер белгілерге аса көп мән бермей апатты жағдайлар туғызады. Бұған қатысты қандай шара алынбақшы? 16 қараша 2011, 20:03 2 566 рет қаралды
Сұрақ-жауап Купюрды біз ауыстырамыз – Мен көптеген көнекөз қариялар секілді бірнеше жылдан бері ақшамды матрас астына салып жинаймын, банктерге сенбеймін. Біраз ақша жинадым. Алайда, мен банкноттар арасында ескі үлгідегілерінің болатынын ойламаппын. Қазір оларды жаңасына ауыстырып жатыр ғой. Ақшаларымның барлығын бірдей банкке апармай-ақ, банкноттардың қай жылы шыққандығын өз бетімше қалай анықтауға болады? 16 қараша 2011, 20:05 1 922 рет қаралды
Сұрақ-жауап “Ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз” – Мен Жұлдыз-3 ықшамауданынан жер алған едім. Әкімнің рұқсатын алу үшін Қайыршақты селолық округінің әкімдігіне бардым. Бірақ ондағылар маған рұқсат беруден бас тартып, қоқысты шығару келісім-шартына қол қоюға мәжбүрлеп отыр. Ол жерде түк те жоқ, тіпті жол да. Сонда бұл қаншалықты заңды болмақ? Әкімдіктегілер шешім шыққан наурыз айынан бастап, 5 000 теңге төлеуге тиіс екенімді айтты. Бірақ мен ол жерде тұрмаймын ғой, демек қоқыс та тастай алмайды емеспін бе? Не үшін төлемекпін? 2 қараша 2011, 19:11 2 225 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жәрмеңкелік жадынама – Біздің фирмамыз ресейлік серіктестеріміздің арнайы техникаларының сауда көрмесін өткізгісі келген. Ол үшін қандай құжаттар қажет және көрме өткізу тәртібі қандай? 2 қараша 2011, 19:14 2 487 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әлеуметтік көмек отбасылық табысқа байланысты - Осы жылғы 27 сәуірде материалдық көмек сұрап Атырау қалалық әкімдігіне құжаттар тапсырдым. Әкімдік құжаттарды қалалық жұмыспен қамту бөліміне жолдаған. Содан бері қарай 6 ай уақыт өтті. Құжаттың жағдайы белгісіз. Телефон шалғанымда «ақша бөлінбей жатыр, бөлінген соң үйге хабар береміз» деп жауап берді. Бірақ, осы уақытқа дейін ақшалай көмек әлі берілген жоқ. 27 қазан 2011, 17:49 2 445 рет қаралды
Сұрақ-жауап Су есептегішті өзіңіз ауыстырасыз - Ыстық және салқын су есептегіштерінің жарамдылық мерзімі қандай?Оларды ауыстырарда тұтынушы нені ескеру қажет? Ыстық су есептегішін «Атырау Су Арнасы» КМК-сы ауыстыра ма? Есептегіштер іші буланып тұрса, оны әрі қарай пайдалана беруге бола ма? Және есептегішті ауыстыру үшін «Атырау Су Арнасы» КМК тарапынан 1000 теңге төлеттіру не үшін қажет болды? 27 қазан 2011, 17:51 3 510 рет қаралды
Сұрақ-жауап Пәтер ақшасын мемлекет төлейді - Менің балам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша колледжге оқуға түсті. Осы бағдарлама бойынша балама пәтер ақшасын беру керек екен. Ал сол пәтер ақшасын алу үшін біз қандай құжаттар тапсыруымыз тиіс? 27 қазан 2011, 17:55 2 017 рет қаралды
Сұрақ-жауап Биыл көпір салынбайды - «Атырау-ақпарат» КМК тұсынан жаяу жүргінші көпірі қашан салынады? 27 қазан 2011, 18:22 1 944 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ешқандай бала жоғалған жоқ – Жақында екінші сынып оқушыларының ата-аналарынан мектептен балаларымызды алып кетуге және әкелуге өзіміз міндеттіміз деген өтінішке қол қоюымызды сұрады. Демек, баланың мектепке дейінгі және одан қайтып келу жолындағы барлық жауапкершілік ата-аналарға жүктелмек. Қалада 2009 жылғы болған оқиғадағыдай тағы да бір баланың жоғалғандығы туралы алып-қашпа әңгіме шықты. Бұл айтылған сөз шындыққа жанаса ма? Жоғалған бала табылды ма? 26 қазан 2011, 19:30 2 590 рет қаралды
Сұрақ-жауап Демалуға тура келеді – Мен декреттік демалыста 3 жылдай болып, 1 қыркүйекте жұмысқа шықтым. Жақында кәсіпорын әкімшілігі желтоқсан айында бір аптаға болса да еңбек демалысына шығуым керек екенін айтты. Өйткені мен декреттік демалыста болған кезде еңбек демалысы кестесі қайта жасалыпты. Ал менің кезегім жыл аяғына сәйкес келеді екен. Әрине, мен демалысқа шыққым келмейді. Біріншіден, жұмысқа шыққаныма көп болған жоқ. Екіншіден, қыста демалғанды ұнатпаймын. Сондықтан заңды негізде демалыстан бас тарта аламын ба? 26 қазан 2011, 19:33 2 422 рет қаралды