Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Лас қарды өзенге лақтырмаңыз!

2 032 просмотра

- Жұмысыма (орталық көпір арқылы) жаяу барып келемін. Тазалаушылардың май сіңген лас қарларды көпірдің екі жағындағы жағалау мен мұзға лақтырып тастағанына көзім түсті. Осыған қатысты қалалық әкімдіктің диспетчеріне қоңырау шалып, қала тазалығына жауап беретін әкім орынбасарының қабылдауына кіргім келген. Бірақ онымнан түк шықпады, бәрі анағұрлым маңызды басқа жұмыстармен қолдары бос болмай шықты. Содан соң облыстық СЭС қызметінің бас дәрігеріне қоңырау соқтым. Ол мені мақтап, «кешікпей нәтижесін көресіз» деп уәде берді. Бірақ бір апта өтті, бәрі сол күйінде...

azh.kz сайтынан

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Атырау облыстық департаментінің директоры Теміржан СУКАШЕВ комментарий береді:

- Шынымен де, 23 ақпанда Жайық өзеніне орталық көпірден ластанған қарды лақтырып жатыр деген шағыммен маған қала тұрғыны хабарласты. Сол күні менің тапсырмам бойынша Атырау қаласының бас санитарлық дәрігері қар тазалаумен айналысатын «Арнаулы автобаза» КМК директорына жұмысшылары Жайық өзеніне қоқыстарды лақтыруды тоқтатсын деген тапсырма берді.

«Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңдарына сәйкес, бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу заңсыз боп табылады (аты-жөні мен мекен-жайы көрсетіліп тіркелген қандай да болмасын өтініш жоқ). Сондықтан осы телефон қоңырауы арқылы жоспардан тыс тексеру жүргізілген жоқ. Бірақ біз «Арнаулы автобаза» КМК директорының атына сұраным жібердік – олар көпірден өзенге қар лақтыруды тоқтату фактісін растады.

7 наурыз 2012, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.