Атырау, 26 желтоқсан 15:32
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

“Ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз”

2 121 просмотра

– Мен Жұлдыз-3 ықшамауданынан жер алған едім. Әкімнің рұқсатын алу үшін Қайыршақты селолық округінің әкімдігіне бардым. Бірақ ондағылар маған рұқсат беруден бас тартып, қоқысты шығару келісім-шартына қол қоюға мәжбүрлеп отыр. Ол жерде түк те жоқ, тіпті жол да. Сонда бұл қаншалықты заңды болмақ? Әкімдіктегілер шешім шыққан наурыз айынан бастап, 5 000 теңге төлеуге тиіс екенімді айтты. Бірақ мен ол жерде тұрмаймын ғой, демек қоқыс та тастай алмайды емеспін бе? Не үшін төлемекпін?

Телефон арқылы

Қайыршақты селолық округінің әкімі Шафхат ҚАЛИЕВ бізге тікелей қоқыс шығаратын компания – «Жалмұхан» ЖК-мен байланысуға кеңес берді. Компания директоры Хангерей ЖАЛМҰХАН былай деген еді: «Адамдар жер алған кезде, әдетте, айналасын қоршамастан бірден құрылыс салуға кірісіп кетеді. Тіпті үй әлі салынып болмаса да, ол жерде ешкім тұрып жатпаса да, құрылыс қалдықтары болсын, бөтелкелер болсын, бәрібір қоқыстар шығады ғой. Біз бүкіл Қайыршақты округін тазалаумен айналысамыз. Ал бұл өте үлкен аумақ. Жайық өзенінің жағасын, Атырау-Индер тас жолын, Талқайраңдағы зиратты, тоғай маңын қамтиды. Қоқысты шығарғанымыз үшін бір үйден бар болғаны айына 450 теңге ғана аламыз. Бұл тиын-тебен ғой. Осы ақшаны отынға, құрал-саймандарға, қосалқы бөлшектерге жұмсаймыз. Егер тұрғындарға тазалықтың болған-болмағаны бәрібір болса, төлемей-ақ қойсын. Біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Бірақ азаматтық сана болуы тиіс қой».

2 қараша 2011, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.