Атырау, 5 қазан 10:57
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Әлеуметтік көмек отбасылық табысқа байланысты

2 299 просмотра

- Осы жылғы 27 сәуірде материалдық көмек сұрап Атырау қалалық әкімдігіне құжаттар тапсырдым. Әкімдік құжаттарды қалалық жұмыспен қамту бөліміне жолдаған. Содан бері қарай 6 ай уақыт өтті. Құжаттың жағдайы белгісіз. Телефон шалғанымда «ақша бөлінбей жатыр, бөлінген соң үйге хабар береміз» деп жауап берді. Бірақ, осы уақытқа дейін ақшалай көмек әлі берілген жоқ.

Қамажай Абишева

Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Рая ОРАЛОВА:

- Талқылау қорытындысы бойынша материалдық көмек беруге негіз болмағандықтан, Қ.Абишеваның сұранысын қанағаттандырмау туралы шешім қабылданды. Оның себебі, отбасының айлық ортақ кірісі жоғары болуынан.

Ал жергілікті бюджеттен берілетін біржолғы материалдық көмек аз қамтылған, жанұялық кірісі белгіленген күнкөріс деңгейі мөлшерінен (19 332 теңге) аспайтын отбасыларына тиесілі.

Әрбір арызданушының тұрмыстық жағдайын зерделеп, акт жасақтау тұрғылықты мекен-жайына тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Қ.Абишевадан түскен арыз бойынша әлеуметтік тұрмыстық жағдайын зерделеу жұмысы әлеуметтік қызметкер Қабиева Нұрсұлудың үйіне баруымен жасалып, актісі жасақталды.

Материалдық көмекке өтініштер «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы қабылданады.

Содан кейін қажетті құжаттарымен бірге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады.

Арыздардың жауабы 15 күнде беріледі, ал комиссияның отырысына ұсыну көмек беруге негіз болып саналатын құжаттардың толық жинақталуына қарай жүзеге асырылатындығын қаперіңізге береміз.

27 қазан 2011, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.