Атырау, 22 желтоқсан 11:13
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Пәтер ақшасын мемлекет төлейді

1 899 просмотра

- Менің балам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша колледжге оқуға түсті. Осы бағдарлама бойынша балама пәтер ақшасын беру керек екен. Ал сол пәтер ақшасын алу үшін біз қандай құжаттар тапсыруымыз тиіс?

Телефон арқылы

Бұл сұраққа Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Серік САПАНОВ жауап берді:

- Сіздің балаңыз «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша колледжге оқуға түскен. Осы бағдарлама бойынша балаңызға пәтер ақшасы төлену қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №815 қаулысымен «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы» Заңының 2-бабы 23-тармағында: 2). жатақханада тұрғаны үшін (тұрғын үйді жалға алу шығыстарын өтеу) – тұру қызметінің ақысын төлеу туралы ұсынылған құжаттардың негізінде айына 10 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіш) аспайтын мөлшерде өтелетінін және аталған мәселе бойынша растайтын құжаттарыңыз болған жағдайда колледждің әкімшілігіне тапсыру қажет екенін ескертеміз.

27 қазан 2011, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.