Атырау, 29 желтоқсан 01:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Тізілімге қалай енуге болады?

1 914 просмотра

- Кедендік өкілдер тізіліміне енгізілу үшін негізінен қандай талаптар қойылады? Сыртқы-экономикалық қызметке қатысушы кедендік транзит рәсімі барысында  жету орнын өзгерте ала ма? Кедендік транзит рәсімі аяқталғаннан кейін тасымалдаушы  немесе басқа бір мүдделі тұлға тауарды уақытша сақтауға немесе кедендік рәсім бойынша орналастыруға қай уақыттан бастап міндетті? 

Телефон арқылы

Сауалға Атырау облысы кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі түсінік береді:

Кедендік өкілдер тізіліміне енудің негізгі талаптары: 

*бұл тұлғаның штатында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға олардың сәйкес келуін растайтын құжаты бар кем дегенде 2 (екі) жұмыскердің болуы;

* ұсынылатын тұлғалардың мүлігіне зиян келтіру немесе бұл тұлғалармен шарттарды бұзу салдарынан болуы мүмкін өзінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шартының болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады;

*мұндай қамтамасыз етуді ұсыну кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамы бойынша кем дегенде бір миллион евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну;

* өзге талаптарға сәйкес келуі және кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де шарттарды сақтау.

Кедендік транзит жөніндегі сауалға келетін болсақ, онда жеткізу қосыны ҚР көлік туралы заңнамаларына сәйкес өзгереді. Тасымалдаушы кедендік органға тауарды жеткізу орынын өзгерту туралы өтініш жасауға құқылы. Бұл жағдайда тасымалдаушы өзінің жолындағы кез-келген кедендік органға жеткізу қосынын өзгерту туралы ерікті түрде жасалған өтінішті және жеткізу қосынын өзгертуді растайтын құжаттарды, сондай-ақ, транзиттік декларация  және тауарға берілген басқа да құжаттарды ұсына алады. Кедендік транзит үдерісі аяқталғаннан соң тасымалдаушы немесе басқа да соған мүдделі тұлға тауарды уақытша сақтауға немесе кедендік рәсімдеуді үш сағат ішінде орындауға міндетті.

1 ақпан 2012, 21:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.