Атырау, 26 сәуір 14:56
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Өткізбейтін өтпе жол

2 086 просмотра

Политехникалық колледждің жанында орналасқан теміржол өтпесінде үнемі көлік кептелісі болады. Бар болғаны екі көлік жолағы сыятын көпір астындағы енсіз жол арқылы қала Ақжар, Ақсай селолық округтерімен, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарымен, Қарабатандағы алып құрылыспен және Маңғыстау облысымен байланысқан. Білетін адамдар өтпе астында тағы екі көлік қозғалысының жолағын өткізуге мүмкіндік беретін кеңістік бар деседі. Қазір осы мәселе  қолға алыныпты. Бұл нұсқа көлік ағынын көбейту үшін қарастырылған ба?

Асқар К.

Атырау қаласының бас сәулетшісі Бақтыбай ДҮЗЕЛБАЕВТЫҢ айтуынша, бұл жоба қалалық әкімдіктің бақылауында және ақырғы шешім жобалау ұсыныстары зерттелгеннен кейін қабылданатын болады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Ахмет АХМЕДОВТІҢ ақпараты бойынша, бұл теміржол өтпесі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ балансында екен. Өткен жылы көлік жүретін жол бөлігін кеңейту және биіктігін көтеру мақсатында осы өтпені қайта жарақтау жөніндегі жобалау-сметалық құжаттама жасақталған. Құжаттаманы мемлекеттік сараптау қызметі мақұлдапты. Қазір «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да қаржыландыру мәселесі шешілуде.

29 ақпан 2012, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.