Атырау, 28 желтоқсан 23:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ешқандай бала жоғалған жоқ

2 431 просмотра

– Жақында екінші сынып оқушыларының ата-аналарынан мектептен балаларымызды алып кетуге және әкелуге өзіміз міндеттіміз деген өтінішке қол қоюымызды сұрады. Демек, баланың мектепке дейінгі және одан қайтып келу жолындағы барлық жауапкершілік ата-аналарға жүктелмек. Қалада 2009 жылғы болған оқиғадағыдай тағы да бір баланың жоғалғандығы туралы алып-қашпа әңгіме шықты. Бұл айтылған сөз шындыққа жанаса ма?  Жоғалған бала табылды ма?

Телефон арқылы

Атырау облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша,  баланың жоғалуы туралы өтініш түспеген және із-түссіз жоғалғандар ішінде жасы кәмелетке толмағандар жоқ. Бұл шамасы ата-аналар келісіміне қол қоюға қатысты тараған жай ғана алып-қашпа әңгіме болуы мүмкін. «Кейбір мектептер балалардың қауіпсіздігі мақсатында ата-аналарға балаларын жеке өздері  немесе олар үшін алып кететін адамдардың аты-жөндерін көрсетуді міндеттейді. Бұл бастаманы қалалық білім бөлімі емес, мектеп әкімшілігі қолға алып отыр,- дейді қалалық білім беру бөлімінің жалпы білім беру секторының меңгерушісі Гүлмира ҚОЖАУОВА. 

26 қазан 2011, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.