Атырау, 27 сәуір 03:52
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Салымның құпия сыры

1 922 просмотра

«Халықтық - зейнетақылық» банк салымының келісім-шартына сәйкес банк жыл сайын 10,6% сыйақы аударуы тиіс еді. Ал банк тек 9% ғана аударып отырды. Осылайша, банк клиентке, яғни, маған хабардар етпей, өз міндеттемесін бұзып отыр. Банктің салым бойынша жылдық мөлшерлемені өзгертуге қандай негізі болған?

Сұраққа «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Атырау филиалының директоры Темірғали МАЕКЕНОВ комментарий береді:

– Салым мерзімін ұзарту кезінде банктің өкілетті органы бекіткен сыйақы мөлшерлемесі белгіленеді. Бұл банктің «Халықтық - зейнетақылық» салымының келісім-шартында жазылған: «Салымшы салым сомасын және капиталдандырылған сыйақы сомасын салым мерзімі аяқталған күннен бастап үш күн ішінде талап етпеген жағдайда, ол келісім-шарттың 3-тармағында көрсетілген жаңа мерзімге ұзартылады, бірақ  бұл үш мәртеден аспауы керек. Мұнда жаңа мерзімде сыйақы жарнасы салым мен алдыңғы салым мерзімінде есептеліп, талап етілмеген сыйақының жалпы сомасына жүргізіледі. Ал салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі келісім-шарт ұзартылған мерзімде банктегі осы салым бойынша сыйақы мөлшерлемесіне сәйкес белгіленеді». Соған орай, салым бойынша сұрақ қойған оқырманның сыйақы мөлшерлемесі мерзім ұзартылған кезде жылдық 9 пайыз құраған. Мөлшерлемелер мен тарифтер бойынша барлық өзгерістер туралы банк салымшыны банктің бөлімшелерінің ақпараттық стендтеріне және банктің веб-сайтына ақпарат орналастыру арқылы хабардар етеді. Ақпарат алудың аталмыш тәсілдерінен басқа, осы ақпаратпен салымшы сондай-ақ банктің анықтамалық қызметіне телефон арқылы өзі хабарласып танысуына болады.

29 ақпан 2012, 20:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.