Атырау, 23 сәуір 21:32
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Жәрмеңкелік жадынама

2 265 просмотра

– Біздің фирмамыз ресейлік серіктестеріміздің арнайы техникаларының сауда көрмесін өткізгісі келген. Ол үшін қандай құжаттар қажет және көрме өткізу тәртібі қандай?

Телефон арқылы

«Бұл мәселе Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағынан ҚР аумағына әкелінген Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелерімен реттеледі, – дейді Атырау облыстық Салық департаментінің Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасының бастығы Ақбота ТОЙБАЗАРОВА. - Әдетте көрме-жәрмеңкелерді ҚР-ның салық төлеушісі боп табылатын қаладағы фирма немесе қандай да болмасын өкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады. Егер ұйымдастырушылар бірден бірнеше тұлға болса, онда олар салық салу мақсатында көрме-жәрмеңке саудасын жүзеге асыруға жауапты болатын басты ұйымдастырушының кім екендігі туралы шешім қабылдайды. Ол (ұйымдастырушы) шара жүргізу басталғанға дейінгі 10 күн ішінде жазбаша түрде салық органына алдағы болатын жәрмеңке туралы хабардар етіп, барлық саудаға қатысушылардың тізімін ұсыну керек.

Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға мыналар қоса беріледі:

1) басшы мен бас бухгалтердің (болған жағдайда) қолдарымен, сонымен қатар ұйымдастырушының мөрімен куәландырылған (болған жағдайда) мынадай құжаттардың көшірмелері: а) көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының (ұйымдастырушылардың) оның мақсаты мен нысанасын көрсетумен, осындай көрме және/немесе жәрмеңкені өткізу туралы шешімі; ә) көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушылардың ұйымдастырушыны тағайындау туралы шешімі;

2) жалға алу (сатып алу-сату) келісім-шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу куәлігі иә болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу мақсатында жылжымайтын мүлікке пайдалану құқығын және (немесе) иелік ету және (немесе) билік етуін растайтын өзге де құжаттар;

3) тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органымен көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу уақыты мен орнын келісуін растайтын құжат.

Егер көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болса, бұрын берілген хабарламаны қайтарып алып, жаңа хабарлама жіберіледі.

Салық органдары көрме-жәрмеңкелік саудада өткізуге арналған тауарларға тексеру жүргізуге, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу орнын қарауға міндетті.

Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан бұрын-алдында Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі көрме-жәрмеңкелік саудада сатып алған жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шарт (келісім-шарт) болған кезде, қосылған құн салығын тауарлардың меншік иесі төлейді.

Көрме-жәрмеңкелік сауда аяқталған соң ұйымдастырушы сәйкес нысанда орналасқан орны бойынша салық органына көрме-жәрмеңкелік сауданы аяқтау айынан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы есепті табыс етеді. Есепке мыналар қоса беріледі:

1) көрме-жәрмеңкелік сауданың тауарлары соның негізінде өткізілген кеден одағына мүше мемлекеттен (бұл жағдайда сіздің ресейлік серігіңіз) көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен сатып алу-сатуға шарт;

2) қосылған құн салығын төлегені туралы төлем құжаты;

3) тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенін растайтын құжат;

4) көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейін тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткенін растайтын құжат.

Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы салық төлеуші тапсырған есептің негізінде, салық органы салық төлеушінің тиісті дербес шотына қосылған құн салығын есептеуді жүргізеді.

Дегенмен, ұйымдастырушы есепті тапсырмаса да, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламаның негізінде қосылған құн салығына есептеу жүргізіледі. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабарламауы не уақтылы хабарламауы және ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 218-1 бабының 5 тармағына сәйкес  айыппұл салуға әкеп соғады».

2 қараша 2011, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.