Жақында менің Миялыда тұратын жүктілік кезеңінің 34-ші аптасындағы туысқанымды облыстық ауруханаға жіберген екен. Алайда, оның медициналық портал бойынша шақырту арқылы жолдамамен келгеніне қарамастан, оны перзентханаға қабылдамаған. Дәрігер патология бөлімшесінің шамадан тыс толық екендігін, ал, оған алдымен анемиядан үй жағдайында емделіп, босану мерзімі жақындаған кезде ғана облыстық перзентханаға келуі тиіс екендігін айтқан. Жүктіліктің үлкен мерзіміндегі әйелді әрлі-берлі мәжбүрлеп жүргізудің қажеттілігі қанша?
Гүлмира ҚАЗИЕВА
Қызылқоға аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Самат ТАЙШЫБАЙ және Жылыой ауданының бас гинеколог-дәрігері Марат АЛДАБЕРГЕНОВ аудандық перзентханалардың босанатын әйелдерге жәрдем беретін бірінші деңгейдегі мекемелер екендігін мәлімдеді. Ал, денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы №325 бұйрығымен бекітілген госпитальға салу белгілеріне сәйкес, олар тек жүктілік асқынбаған жағдайда және қалыпты жедел босану кезінде ғана медициналық қызмет көрсетуге ғана құқылы.
Атырау облысындағы екінші деңгейлі мекеме Алмагүл мөлтек ауданындағы қалалық перзентхана болып табылады. Екінші деңгейлі мекемелерге мына сырқаттар бойынша қабылданады: жүктіліктің 34 аптасындағы және одан да асқан кездегі күнінен бұрын босану тәуекелділігі, жеңіл деңгейдегі жүктілік талмасы, көп су кеткенде, кесір тілігінен кейінгі жатырдағы тыртық, жүктіліктің 34 аптасы және одан көп мерзімдегі асқынбаған көпұрықты жүктілік, ремиссия дәрежесінде экстрагенительді патология (ЭГП).
Облыстық перзентхана медициналық қызметтің кең жиынтығын көрсететін үшінші деңгейдегі мекеме болып табылады. Онда жүктіліктің 22-33 мерзімі және оған қосымша 6 күн барысындағы босану тәуекелдігі, ауырлық дәрежедегі жүктілік талмасы, бала жолдасының күнінен бұрын бөлінуі, акушерлік қан кету, жедел көп су кету, ана құрсағындағы дамудың бөгелісі, 40 жастан асқан және 16 жастан кіші экстрагенительді патология немесе акушерлік ақаулығы бар, үш немесе одан да көп кесір тілігін жасатқан немесе біреуі жасалған кезде анамнездің асқынуы, жүктіліктің 22 аптасындағы көпұрықты жүкті-лік, жатыр ісігі, миомалар (үлкен және көп), жүктілікпен байланысты қосалқы аналық жыныс бездерінің сырқаты, жамбас органдарының ауытқушылығы, жамбас сүйектерінің бұзылуы байқалған әйелдерге көмек көрсетіледі.
–Егер біздің дәрігеріміз ол әйелді қабылдаудан бас тартса, әрине, оған нақты себептердің болғаны,-дейді облыстық перзентхана үйінің бас дәрігеріҰлжан ХАСАНОВА. – Бұл әйелде анемияның ауыр дәрежесі болмаған және оны аудандық аурухананың күндіз-гі стационарында емдеуге болатын еді. Ауыр жағдайларда (оның ішінде, егер әйел әлеуметтік жағдайы төмен болса) біз ешкімнен бас тартпаймыз. Бұл жерде барлық әйелдер – бүйректің аса ауыр сырқаты бар және қант диабетімен ауыратындар босанады. Алайда, бізге кейбір аудандық әйелдер кеңесі бөлімдерінің дәрігерлері жергілікті стационарларда емдеу мүмкіндігін қарастырмастан әйелдерді жіберіп жатады.