Атырау, 18 маусым 22:48
Таңертең ашық+32, күндіз +31
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.43  € 429.83  P 5.96

Қалай азаматша бола аламын?

29 ақпан 2012 20:12

– Мен Қазақстан азаматшасымын, қызым Украина азаматшасы. 2005 жылы Украинадан Қазақстанға көшіп келдік. Содан бері қарай осы жерге тіркеліп, осы жерде тұрамыз. Қызыма ҚР азаматтығын қалай рәсімдеймін?

– Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстан азаматтары үшін ҚР азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі әрекет етеді, - дейді Атырау облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Гүлжан ЛҰҚМАНОВА. Азаматтардан мынадай құжаттар тізімі қажет: ІІД бастығының атына жазылған өтініш, сауалнама-өтініш (бекітілген үлгіде), толық өмірбаяны (туысқандарын көрсетусіз), міндеттемесі (бекітілген үлгіде), ұлттық төлқұжатының (барлық толтырылған парақтар) немесе жеке басын куәландыратын және аталмыш елдердің бірінің азаматы екендігін растайтын басқа құжатының көшірмесі, туу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі, 14-18 жастағы балалар үшін Қазақстан азаматтығын ерікті түрде қабылдау туралы нотариалдық куәландырылған өтініші, анасының – ҚР азаматшасының жеке бас куәлігінің көшірмесі, фотосурет – 4 дана (бас киімсіз түсірілген анфас өлшемі 3,5 х 4,5), мемлекеттік баж салығын төлегендігі туралы құжат, азаматтарды тіркеу кітабы, мекен-жайы бойынша немесе мекен-жай бюросынан анықтама. Өтініш, сауалнама, өмірбаян қолмен толтырылады, машинамен жазылған және компьютерде терілген мәтінге рұқсат етілмейді. «Бұл жағдайда, егер қыздың анасы біздің елдің азаматшасы болса, сәби Қазақстанда мекен-жайға тіркеліп, ұзақ уақыттан бері осында тұрған болса,  азаматтықты рәсімдеу кезінде аса қиындық туа қоймайды деп ойлаймын. Бастысы, оған Украина азаматтығынан бас тартуды рәсімдеу қажет», - деп атап өтті Г. Лұқманова.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1035 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4