Атырау, 26 желтоқсан 22:55
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әзiрге тексеруден өтiп жатыр

1 711 просмотра

- Біздің Құлманов көшесіндегі №133 үй апатты жағдайда, оны қашан күрейміз деп жоспарлап отыр?

Тұрғындардан мұндай сауалдар көптеп түсетіндіктен, біз қалалық әкімдіктің қызметкерлерінен 2012 жылы күрелетін үйлердің нақты тізімін беруді өтінген едік. Алайда, қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ айтуынша, апатты үйлердің тізімі қазір нақтыланып жатқан көрінеді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен қалалық әкімдік қызметкерлері Атырау қаласындағы ескі және апатты тұрғын үйлерге тексеру жүргізуде. Осыған байланысты Құлманов көшесіндегі №133 үйдің күрелу уақытын айту мүмкін болмай отыр. 2011 жылы қалада 34 апатты үй күреліп, үш жүзден аса отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды.

9 ақпан 2012, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.