Атырау, 29 желтоқсан 01:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жеңілдік акциясын өзгертуге болмайды

1 767 просмотра

-Мен ұлттық әуе тасымалдаушы компания филиалдарының бірінен «Студенттік» акциясы бойынша 14 000 теңгеге билет  сатып алдым. Алматыға оқуға баруыма тура келді. Алайда, артынша сабағымның кейіндеу басталатындығы белгілі болды да, сөйтіп, мен билетімді кейіндеу мерзімге қайта брондау үшін әуе компаниясына бардым.  Алайда, компания өкілі олай етуге болмайтындығын, яғни, акция талаптарында оның қарастырылмағандығын хабарлады. Олай болған жағдайда  мен ақшамды кері қайтаруды сұрадым, бірақ, билеттің толық құны емес, тек  әуежайлық алым (972 теңге) ғана қайтарылатындығы белгілі болды. Әуе тасымалдаушының  бұл әрекеті заңды ма? Өйткені, мен компанияның қызметін пайдаланғаным жоқ, оның үстіне, тасымалдаушыны ұшу күнінен бірнеше күн бұрын хабардар еттім.

Қайрат, Атырау қаласы

«Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің  заңгері Аслан ЖОЛБОЛОВ түсінік береді: «Берілген сауалға жауап дайындау барысында бұл билеттің «студенттік» деп аталатын тариф бойынша, яғни, жеңілдетілген төменгі бағамен сатылғандығы белгілі болды. Билеттің сатылуы барысында әуе компаниясы бұл билетті ауыстыруға немесе қайта брондауға болмайтындығын және кері қайтарған жағдайда компания тек әуежайлық алымдарды ғана қайтаруға міндетті екендігін түсіндіреді. Бұл жағдайда Алматы әуежайы болғандықтан әуежайлық алым 972 теңгені құрайды. Оның үстіне берілген электронды әуе билетінде оның қайтарылу талаптарына қатысты белгі соғылған. Осы тұрғыдан алып қарағанда компанияның әрекеті заңды деуге болады, дегенмен, қатардағы тұтынушы көзқарасымен қарайтын болсақ, әсіресе, төленген ақшаның қайтарылуына қатысты мәселеде оның құқығы бұзылды деуге болады. Сауалда айтылғандай, азаматқа оның акция бойынша яғни, жеңілдік бағамен әуе билетін сатып алып жатқандығы (келісім жасағаны) белгілі болды. Қосылу шарты деп аталатын мұндай келісімдерді жасау заңда (ҚР АК 389-бап) қарастырылған. Бұл әдеттегі шарттарға қарағанда, егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы.

Бұл жағдайда әуе тасымалдаушы мен азамат арасында әуе компаниясының бір жақты тәртібі бойынша жасақталған келісім шарт жасалды. Осы шарттың талаптары бойынша компания белгіленген уақытта және нақты (төмендетілген) бағамен және жолаушы көрсетілген қызметті кейінге қалдыра алмайды (басқа уақытқа ауыстыру) немесе төленген ақшасын қайтаруды талап ете алмайды деген міндетті қабылдады.

Әрине, заң бойынша мұндай келісімдерді бұзу талаптары да (ҚР АК 389-бабы, 2-тармағы) қарастырылған. Азамат егер оған жолаушы ретінде ұсынылған  тасымалдау талаптары оны құқығынан айыратын болса немесе тұтынушы үшін ұсынылған талаптарға ауыртпалық салатын болса, онда  мұндай келісімді бұзуды талап етуге құқылы. Алайда, осы жағдайда мұндай заң бұзушылықтар байқалмайды.

18 қаңтар 2012, 19:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.