Атырау, 29 желтоқсан 00:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Купюрды біз ауыстырамыз

1 825 просмотра

– Мен көптеген көнекөз қариялар секілді бірнеше жылдан бері ақшамды матрас астына салып жинаймын, банктерге сенбеймін. Біраз ақша жинадым. Алайда, мен банкноттар арасында ескі үлгідегілерінің болатынын ойламаппын. Қазір оларды жаңасына ауыстырып жатыр ғой. Ақшаларымның барлығын бірдей банкке апармай-ақ, банкноттардың қай жылы шыққандығын өз бетімше қалай анықтауға болады?

Телефон арқылы

Ұлттық банктің Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс істеу жөніндегі бөлім бастығы Мүслима САҒЫНДЫҚОВА жауап береді: «Өкінішке қарай, банкноттардың қай жылы шыққандығын сіз өз бетіңізше анықтай алмайсыз. Өйткені, 1993-1994 жылдары шыққан банкноттардың суреті бір басқа, ал, 1994-1996 жылғы шыққандары одан да өзгеше. Сізге Уәлиханов көшесі, 2 үйде орналасқан («Ембімұнайгазға қарсы») Ұлттық банктің Атырау филиалына жолығу керек. Ақшаңыздың барлығын бірдей әкелудің қажеті жоқ. Бізге келсеңіз қандай купюрді ауыстыру керектігін сізге көрсететін боламыз».

16 қараша 2011, 20:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.