Атырау, 25 сәуір 05:22
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Су есептегішті өзіңіз ауыстырасыз

3 012 просмотра

- Ыстық және салқын су есептегіштерінің жарамдылық мерзімі қандай?Оларды ауыстырарда тұтынушы нені ескеру қажет? Ыстық су есептегішін «Атырау Су Арнасы» КМК-сы ауыстыра ма? Есептегіштер іші буланып тұрса, оны әрі қарай пайдалана беруге бола ма? Және есептегішті ауыстыру үшін «Атырау Су Арнасы» КМК тарапынан 1000 теңге төлеттіру не үшін қажет болды?

Есен Бекайдаров

Сіздің сауалыңызға «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Серік ЖҰМАШБАЕВ жауап береді:

- Ыстық және салқын су есептегіш құралдарының (бұдан әрі - СЕҚ) жарамдылық мерзімі СЕҚ паспортында көрсетіледі, маркасына байланысты 5-10 жыл. Ал су есептегіш құралдарын ауыстыруда тұтынушы СЕҚ «магнитке қарсы» анықтамасы, СЕҚ зауыттық пломбасының болуын және СЕҚ көрсет-кіштерін жазып алуға ыңғайлы, құрғақ және жарық жерде орнатылу қажет екендігін ескеру қажет. Ыстық және салқын су есептегіш құралдарын «Атырау Су Арнасы» КМК қызметкерлері ауыстырмайды. СЕҚ ауыстыру жұмыстарын абонент өз күшімен өз қаражатына атқарады.

Су есептегіш құралдарының іші буланып тұрса, оны әрі қарай пайдалануға болмайды, оны ауыстыру қажет.

Тұтынушы «Атырау Су Арнасы» КМК-на арыз жазу арқылы СЕҚ ауыстыру жұмыстарын жүргізетіндігін ескертіп, атқарылатын жұмыстар үшін жеке тұлға: пломба түсіру үшін – 240 теңге, пломба салу үшін – 300 теңге төлеу қажет.

27 қазан 2011, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.