- «Протаргол» тамшысын маған дәрігер үнемі тағайындайтын, ол қымбат емес әрі әсері де жақсы. Бірақ қазір тағайындамайтын болды. Неліктен? Егер оны қолданыстан алып тастамаған болса және учаскелік дәрігер тағайындаудан бас тартса, оны қалай алуға болады? (Дәрмек дәріханаларда тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана беріледі).
Телефон арқылы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облыстық департаментінен келген жауап қысқа болды: «Түрлі концентрациядағы «Протаргол» ерітіндісі дәріханалық жағдайда дайындалады және дәрігер рецептісі бойынша босатылады».
Телефон арқылы кейбір жайттарды анықтау мүмкін болды: протарголды ешкім қолданыстан алып тастамаған, бұл қарсы көрсетілімдер мен жанама әсерлерге ие бұрыннан келе жатқан медициналық құрал екен. Көрсетілімдер бойынша учаскелік дәрігер рецепт жазып беруден бас тартқан болуы керек немесе дәрігердің рецепт жазатын бланкасы болмаған шығар (бұл жағдай да дәрі-дәрмек тағайындауға кедергі болуы мүмкін) деп есептейді департаменттегілер. Бүгінгі күні емханаларда бланкалар, ал дәріханаларда «Протарголдың» құрамдас бөліктері жеткілікті.