Атырау, 26 сәуір 13:15
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Шетелде қалған қаражат

1 679 просмотра

- Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне өзгерістер енгізілгендігі белгілі болды. Жекелеп алғанда, мен шетелден қаржының қайтарылмауы және репатриация талаптарын бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік туралы білгім келген еді. Жауапкершілікке тартылғанда салынатын айыппұл мөлшері қандай  және ақша қандай мерзім ішінде аударылуы тиіс?

Телефон арқылы

Сауалға ҚР Ұлттық банктің Атырау филиалының валюталық операцияларды бақылау бөлімінің жетекші маман-экономисі, Арсен КӨБЕКОВ жауап береді: – Бүгінгі күні ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеу, уәкілетті банктердегі банк шоттарына: тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді; резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған, резидент еместің міндеттемелерді орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есептемеу түрінде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеу - жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – есептелмеген ұлттық және шетел валютасы сомасының 40%  мөлшерін-де айыппұл салуға әкеп соғады. Бұрын бұл 20% құрады.

Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін есептелмеген ұлттық және шетел валютасының сомасы $50 мың АҚШ долларына балама сомадан асып кеткен жағдайларда туындайды.

ӘҚК-нің 187-бабы (20% немесе 40%) бойынша салынатын айыппұл көлемі репатриациялау мерзімінің бітуіне байланысты болады (2011 жылдың 30 қарашасына дейін  немесе 2011 жылдың 30 қарашасынан кейін).

Сауалдың екінші бөліміне келетін болсақ, ұйым басшысына немесе жеке кәсіпкерге еліміздің заңнамаларына сәйкес ҚР уәкілетті банк есепшотына шетелден ұлтық және шетелдік валюта (ірі көлемдегі) түріндегі қаржысы қайтарылмаған жағдайда  10 000-нан  20 000-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 3 жылға дейін  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Бұл жерде «ірі көлемдегі»  деп көрсетілген ақша мөлшері 15 000 АЕК (бұрын бұл  10 мыңнан 15 мыңға дейінгі АЕК) құрайды.

1 ақпан 2012, 21:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.