Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Жайықтың екi атауы бар ма?

10 217 просмотра

- Жайық өзенінің атауын 1775 жылы ІІ Екатерина патшайымының  Урал деп атауға жарлық шығарғаны белгілі. Алайда, әлі күнге дейін кейбір құжаттарда  өзен Урал деп аталады. Жалпы біздің өз заңымызда жер-су атаулары өз қазақ тілінде аталу керек деген заң талаптары бар ма?

А.Марданов

Сіздің сұрағыңызға Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Гүлжан САБЫРОВА жауап береді:

- «Жайық», «Урал» - халық аузында да, әдеби шығармаларда да тең қолданылып келе жатқан ұғымдар (тіліне қарай).

Ресми құжаттарда да осы атаулар қатар жүреді. Мысалы, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерінің) тізбесін бекіткен Қазақстан Республикасы Үкі-метінің 2004 жылғы 3 қарашадағы №1137 қаулысының қазақша нұсқасында өзен атауы «Жайық» деп, орысша нұсқасында «Урал» деп көрсетілген.

9 ақпан 2012, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.