Мен мүгедек баламды бір өзім тәрбиелеп отырмын. Біздер мүгедектік және мүгедек балаға күтім жасаушы аналары үшін берілетін жәрдемақыны алып отырмыз. Жақында мен заңдардың бірінен бұл жәрдемақылардан басқа ай сайын коммуналдық қызмет шығындарының төлемін, отын, тұрғын үйді ұстау үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны және 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқылы екендігімізді білдім. Сондай-ақ, тағы да мен мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақылардан басқа оған қосымша жергілікті бюджеттен: тұтыну бағасы индексінің өсуіне сәйкес мемлекеттік арнаулы жәрдемақыға үстеме; өзгенің көмегіне мұқтаж жалғызбасты мүгедектерді күту үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қосымша үстемелер; шипажай-курорттық емдеу жеңілдіктері берілетіндігін білдім. Осы аталған жәрдемақылардың қайсысы төленеді, соны білгім келеді? Жәрдемақыны рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет? Тағы да қандай жеңілдіктер (мәселен, салық) бар және әкімдіктер басқа қандай әлеуметтік-сауықтыру шараларын өткізеді және оған қалай қатысуға болады? Бала үнемі үйде отырғандықтан оның бос уақытын өткізу мен әлеуметтендіру біз үшін өте өзекті мәселе.
-Ай сайынғы коммуналдық қызметті тұтыну шығыны мен отынға, тұрғын үйді ұстау үшін берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына байланысты төленеді - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек және әлеуметтік нормативтер бөлімінің бастығы Балдай ӨТЕҒАЛИЕВА. - Бұл жерде табысқа жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, ата-ананың еңбекақысы және басқа да отбасы мүшелерімен бірге тұратындардың табыс түрлері кіреді. Бұдан басқа, жәрдемақының осы түрін төлеу жөніндегі мәселе мүгедек және оның отбасы мүшелері тұратын рұқсат етілген шектеулі алаңға, сондай-ақ, рұқсат етілген шектеулі шығындар үлесіне байланысты болады. Әр ауданға тиесілі өз көлемі болады, Атырауда ол 6% құрайды. Сізге жәрдемақы тиесілі ме, оны білу үшін міндетті түрде халыққа қызмет көрсету орталығына мына құжаттармен келуіңіз керек: жеке бас куәлігінің көшірмесі, тұрғын үйге құқық беретін құжаттар, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, отбасының табысын растайтын құжаттардың көшірмесі. Сондай-ақ, мін-детті түрде коммуналдық қызметтердің төлем шоттары, телекоммуникация қызметі үшін төленген төлем шоттары - түбіртектер жалғануы тиіс. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны сіз алып отырсыз. Ол мүгедек баланың ата-анасының бірінші жолыққан кезінен бастап тағайындалады. Тұтыну бағасы индексінің өсуіне сәйкесті жергілікті бюджет қаржысы есебінен же-ргілікті атқару және өкілетті органдардан мүгедектерге қо-сымша төлемдер төлеу біздің облысымызда жүргізілмейді. Шипажай-курорттық емделуге жолдама беру біздің облысымызда тек ересек адамдарға ғана қарастырылған. Мүгедек балалар үшін шаралар бізде жиі ұйымдастырылмайды, негізінен тек жаңа жылдық ерте-ңгіліктер мен 1 маусым балаларды қорғау күні ғана аталып өтеді.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Анар ЖЕҢІСОВАНЫҢайтуынша, көңіл көтеретін шаралар демеушілік қаржы есебінен өткізіледі. Балаңызды кезекті шараларға қатысу тізіміне енгізу үшін, сондай-ақ, өзіңізге тиесілі барлық жәрдемақылардың толық тізімін алу үшін осы бөлімге хабарласуыңызға болады.
- Кейбір жеңілдіктер, жекелей алғанда табыс салығының ұсталуы тек ересек мүгедектер үшін жүреді, балалар мен олардың ата-аналары үшін ондай жеңілдіктер жоқ, - деп хабарлайды Атырау қаласы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары Ербол ҚИЯЛБЕКОВ.